Көлік жүргізушісін ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА кесетін елдер де бар!

0
4 646

Өзге елдерде ереже бұзған жүргізушілер қалай жазаланады?


Көлік жүргізушісін ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА кесетін елдер де бар!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жылдамдық межеден асыру, бағдаршамның "қызыл" түсіне қарамай жүріп кету, мас халде көлік басқару және қауіпсіздік белдігін қолданбау – мұның барлығы автокөлік жүргізушілері арасында жиі кездесетін заңбұзушылықтар тізіміне кіреді. Осы орайда отандық сарапшылар бұл мәселені айыппұл мөлшерін көтеру арқылы шешуіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болады деп санайды. Ал, әлемнің басқа да елдерінде мұндай бассыздығы үшін жүргізушілер қалай жазаланады? Біле жүрейік.


Ұлыбританияда жол қозғалысы ережелері бұзылса

Англияда жүргізішуіге салынатын айыппұлдар заңбұзушылықтың ауыр немесе жеңілдігіне тікелей байланысты болады. Мәселен, ішкі жолдарда жылдамдықты арттырғаны үшін 1000 евро төлеуге тура келсе, ал маңызы бар магистральда тіркелген мұндай заңбұзушылық 2,5 мың еуро көлеміндегі айыппұлға соқтырады.

Жүргізушілер арасында жиі кездесетін заңбұзушылықтарының тағы бірі – мас хәлде көлік жүргізу. Егер британдық полицейлер жүргізуші қанының құрамынан 0,8 промилледен астам мөлшерде алкоголь анықтаса, онда 3 мың еуро төлеуге мәжбүр болады. Тұраққа дұрыс қоймағандар 40 еуро, бағдаршамның қызыл түсінен өткендер екі мың еуроға жуық ақшасынан айырылуы әбден мүмкін.


Неміс жүргізушілерін жазалау ережелері

Германиядағы жүргізушілерге арналған жаза өзге елдерге қарағанда анағұрлым жеңілдеу. Мысалы, жылдамдық режимін бұзғаныңыз үшін сізге 400-500 евро көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Ал, мас күйде көлік жүргізгіп, қан құрамындағы алкоголь деңгейі 0,5 промиллеге дейін болса 500 еуро көлемінде және 1,8 промилледен артық болса, мас жүргізуші 3000 евро көлемінде айыппұл төлейді. Сонымен қатар. "қызыл түстен" өтіп кеткенде 90-360 еуро, тұраққа дұрыс қоймағандар мен қауіпсіздік белдігін тақпағандар 30 евро айыппұл төлейді.


Италиядағы жүргізушілерге арналған айыппұлдар

Эмоцияға берілгіш итальяндықтарға жылдамдықты арттырғаны үшін 779-3119 еуро аралығында айыппұл салынады. Ал, мас күйде көлік басқарғандардың жазасы қандағы алкоголь мөлшері бойынша бағаланады. Мысалы, алкоголь мөлшері 0,5 промилледен аспаса, 0,5-2 мың еуро, 0,8 промилледен аспаса, 0,8-2 мың еуро, ал 1,5 промилледен жоғары болса, 1,5-6 мың еуро төлеп, тіпті екі жылға жүргізуші құқығынан айыру жазасы қолданылады.

Канададағы айыппұл жүйесі

Канада елінде жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшерін алдын-ала болжау қиын. Мысалы, ол жақтағы тәртіп сақшылары жылдамдықты арттырған жүргізушіге 10 мың еуроға дейін, ал мас хәлде көлік жүргізгені үшін 600 долларға дейінгі мөлшерде айыппұл салуы ғажап емес.

Сондай-ақ, тұраққа дұрыс қоймаған, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жүргізушілер 100 доллар, ал қауіпсіздік белдігін пайдаланбағандар 1000 долларға дейін айыппұл төлейді. Айыппұлдың нақты көлемін ереже бұзылғаннан кейін білуге болады.


Қытайлықтарға арналған айыппұлдар

Қытайдағы жолдарда жылдамдық арттыруға салынатын айыппұл шамамен 320 долларға бағаланады, ал жылдамдығы асқан көлікті мас жүргізуші жүргізсе, онда 300 доллар төлеуден бөлек, қытай түрмесінде 15 күннен алты айға дейін отыруға тура келеді. Сондай-ақ, бұл елде тағы бір қатаң заң бар. Заң ережесіне сәйкес, мас хәлде көлік айдаған жүргізушінің кесірінен орын алған жол апатынада адам өлімі орын алса, онда жүргізуші өлім жазасына кесіледі.

Финляндияда қалай болады

Финдер жылдамдық режимін бұзғаны және мас күйде көлік жүргізгені үшін ай сайынғы табысына сәйкес айыппұл төлейді. Бұл елде айыппұл мөлшері 170 мың еуроға жеткен жағдайлар да тіркелген екен. Ал, қауіпсіздік белдігін тақпаған финдер 35 евро мөлшерінде айыппұл арқалайды.


Айта кетейік, біздің еліміздегі жүргізушілерге арналған жазалар да жеңіл емес. Әсіресе мас хәлде рөлге отырғандар сотталып кетуі де мүмкін. Сондықтан, ережелерге мұқият болып, көлік жүргізу сауатын арттырып отырған жөн.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көлік кондиционері ЖИІ БҰЗЫЛА МА? Оның себебі...


Жазда ШАРШАҢҚЫ күйде көлік басқаруға БОЛМАЙДЫ