Жазда ШАРШАҢҚЫ күйде көлік басқаруға БОЛМАЙДЫ

0
4 256

Жаз мезгілінде көлікті қалай басқару қажет?


Жазда ШАРШАҢҚЫ күйде көлік басқаруға БОЛМАЙДЫ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жылдың әр мезгілі көлік пен жүргізушілерге түрлі әсерін тигізіп жатады. Оны елемеу мүмкін емес. Ал, қазір біз қоңыр-салқын көктемнің күндерін артқа тастап, аптап ыстық орын алатын жаз мезгіліне қадам басып барамыз. Бұл мезгілде де жүргізушілер ескеретін өзгерістер пайда болады. Олар жайлы айтылған кеңестер кез келген көлік иесіне пайдалы болатыны анық.

1. Жазда автокөліктің жүксалғышында әрдайым міндетті түрде ыдысқа құйылған салқын су жүруі керек

Бүгінгі таңда көліктердің барлығының дерлік қозғалтқышы ауаны салқындату жүйесімен жабдықталған. Егер қозғалтқыш кенеттен қызып кетсе, жүксалғыштағы салқын су сізге көмектеседі. Бұл ережені ұзақ жолға шыққанда міндетті түрде ескеріңіз.

2. Жазда, әсіресе ыстық ауа-райында көлік басқарған кезде өте мұқият болыңыз

Жұмыстан шаршаған немесе ұйқы қанбаған күйде күн ыстықта көлік жүргізбеуге тырысыңыз. Өйткені асфальт пен ауаның арақатынасынан пайда болатын ыстық шаршау мен ұйқының ықпалын күшейтіп, сіздің жолды бақылауыңызға кері әсерін тигізеді. Сонығ салдарынан жолда кенеттен көзіңіз ілініп кетіп, қандай да бір дәрежедегі жол апатына ұшырап қалуыңыз мүмкін. Әсіресе күн тас төбеге келетін күндізгі сағат 12.00-16.00 аралығында.


3. Салқындатқышты тексеріңіз

Жазда кондиционерді қоспай жүретін жүргізушілер кемде-кем. Сондықтан, жаз басталар тұста күзден бері қосылмаған салқындатқышты толықтай тексеріп алған абзал.

4. Жазда қысқы шиналарды пайдаланбаңыз

Бұл әрекет қауіпті әрі ешқандай пайдасы жоқ. Күн жылынып, енді салқындамайтыны анық болғанда жаздық шиналарды салып алған жөн.


5. Қозғалтқыш майының деңгейін және оның тұтқырлығын тексеріңіз

Егер қозғалтқыш майының деңгейі ұсынылған белгілерден төмен болса, онда үстінен қажетті мөлшерде май қосып құйыңыз. Ал, май тұтқырлығын жоғалтса, оны жаңасына ауыстыру керек. Неліктен жазда қозғалтқыш майының тұтқырлығын бақылау өте маңызды?Өйткені, жазғы ыстық кез-келген жұмыс кезінде қозғалтқыштың ішіндегі температураны да айтарлықтай арттырады да, қозғалтқыш майының тұтқырлығын төмендетеді. Бұл қозғалтқыш майының жұмысына кері әсер етеді. Мотор майының тұтқырлығын қарапайым әдіспен анықтауға болады. Яғни май тамшысын майлыққа немесе қағазға тамызып, тамшы құрғағанша күтіңіз. Егер май ізінен дақ байқалса, тұтқырлығын жоғалтқан деген сөз. Оны толықтай ауыстыру керек.

6. Алдыңғы әйнекті қорғаныс перделерімен жауып қойыңыз

Жазда тоқтап тұрған көліктің алдыңғы әйнекті қорғауға арналған перделер автомобильдің салонын күннің әсерінен қызып кетуден және орталық консольді ультракүлгін сәулелерден қорғайды. Ал, артқы терезелерге де күннен қалқалайтын перде тұтып қоюға болады.


7. Әйнекке пленка жабыстырыңыз

Бізде автокөліктің алдыңғы терезелеріне «тонировка» жасауға тыйым салынған. Бірақ, артқы әйнектерге кез-келген пленканы жабыстыруға болады. Сонымен қатар, алдыңғы әйнектерге де көлік салонындағы температураны төмендетіп, жүргізуші мен жолаушыларды ультракүлгін сәулелердің әсерінен қорғайтын ашық пленка жабыстыруға рұқсат бар. «Тонирование» пленкасы салондағы температураны шамамен 4 ° C-қа төмендетеді, ал ультрафиолет сәулесі 50%-ға азаяды.

8. Күннен қорғайтын көзілдірік қолданыңыз

Мұндай көзілдіріктердің жарықтың кері әсерін азайтатын қасиеті қарапайым көзілдірікке қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Сонымен қатар, көріністі айқындатып, түстердің айырмашылығын жақсартады. Ол аз десеңіз, түндегі қарсы бағытта келе жатқан көліктердің жарығынан қорғайтын көзілдіріктер де бар.

9. Аптап ыстықта жолаушы мен жүргізушіге салқын ауызсу қажет

Сондықтан автокөлікте салқындатқыш немесе термосөмке болғаны жөн. Өйткені, олар судың салқын температурасын біраз уақыт сақтай алады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көліктің ҚАНША шақырым жол жүргенін ОҢАЙ АНЫҚТАЙ аласыз


Көлік кондиционері ЖИІ БҰЗЫЛА МА? Оның себебі...