Қолдың үсуі, әйнектерге мұз қату...қыста қиындықтан оңай құтылу үшін осы кеңестермен танысыңыз.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Алдыңғы әйнекке мұз қатып қалмас үшін
Жылдың суық мезгілінде қар немесе жаңбыр жауғаннан кейін сіз әйнектерді тазартуға біраз уақыт жұмсайсыз. Салондағы пештің ауасы жылып, ол ауа мұзды еріткенше ұзақ күтесіз. Оданда әйнекке мұз қатырмаудың амалын жасаған әлдеқайда тиімді. Ол үшін бағасы 5-10 мың теңге аралығын құрайтын қорғаныс қапшығын сатып алып, әйнекке жауып қою жеткілікті. Оның бортқа жабысатын магниттері және бүйірлік айналарға арналған қалталары болады. Сондай-ақ, мұндай қапшық қыста ғана емес, жазда да пайдалы. Ол ішкі бөлшектерді күн көзінен қызып немесе күйіп кетуден қорғайды.
Артқы орындықтағы жолаушыларды жылыту
Қазір тіпті арзан автомобильдердің өзінде пеш болатындықтан, алдыңғы орындықта отырған жолаушыларды жылыту қалыпты жағдайға айналды. Бірақ, кей автокөліктердің артында отырған адамдарды жылыту мәселе туындатады. Сондықтан, өз көлігіңізге мінген адамда жайлылық пен жылу сыйлағыңыз келсе, орындықтардың астына қойылатын жылыту блоктарын салып алыңыз. Салып алу үшін 5-10 мың теңгеге сатып алыңыз. Олар стандартты 12 вольтты тоқ көзінен қуат алады және кез-келген жерге орнатуға болады. Сондай-ақ, жылу деңгейін реттеуге де болады.
Қарға кептеліп қалдыңыз ба?
Қалың қарға тұрып қалғанда көмегі тиетін пластик шынжырлы құрылғылардың бір артықшылығы – орнату үшін дөңгелекті көтерудің қажеті жоқ. Бірақ, темір шынжырға қарағанда әлсіздеу болады. Дегенмен, пайдалы қызмет атқарады. Әр доңғалаққа пластикалық ілмектер мен болат шыбықтардан тұратын үш массивті блок бекітіледі. Ыңғайлы бекіткіштері бар белдіктерді тез орнатуға және алып тастауға болады. Олар ені 165-тен 265 мм-ге дейінгі шиналар үшін жарамды. Ал, бағасы 10 мың теңгеден жоғары.
Бала жаурамас үшін
Автокөліктің орындықтары жылытқыш жастықтармен жабдықталса да, балаларға арналған орындықта отырған бала дұрыс жылыбайды. Бірақ, оны темекі тұтатқыштың розеткасына қосылатын төсеніш жылыта алады. Ол балаларға арналған орындықты толықтай жылытады және температурасын реттеп отыратын тетігі бар. Бағасы 5000 теңгеге дейін.
Қол тоңып қала ма?
Барлық көліктің рульі жылыту қызметімен жабдықталмаған. Ал көлігінің рөлі мұздай болып тұратын жүргізушілер қолғап киюге тырысады. Осындай жағдайда тоқ күшімен рөлді қыздыратын қапшықты қолдануға болады. Алайда, құрылғы қызметін аяқтаған соңғ сымын ажыратып қойыңыз. Өйткені оны қозғалыс кезінде қолдансаңыз сымы рөлге оралып тіпті оны істен шығарып жіберуі де мүмкін.
Доңғалаққа арналған тікенек
Қысқы шиналардың тікенектері уақыт өте келе азаяды. Ал оны қалпына келтіру үшін арнайы тікенек бұрандаларды сатып алуға болады. Дегенмен, оны қолданатын доңғалақ шинасындағы іздердің тереңдігі кем дегенде 8 мм болуы керек. Егер оны қолдануға бел бусаңыз 10000 теңге шамасына 50 бұрандалы тікенек жиынтығын сатып алып, тікенегі азайған шинаны бірнеше рет қалпына келтіруге болады.
Тағы оқыңыз:
Жүргізуді ЖАҢАДАН ҮЙРЕНГЕНДЕР қандай көлік алғаны жөн?
«ҰРЫЛМАҒАН, СОҒЫЛМАҒАН...»: сатылымдағы көліктің «саулығын» қалай анықтайды?