Өз ақауын ӨЗІ АНЫҚТАЙ АЛАТЫН көліктер бар

0
3 663

ХХІ ғасырдағы көліктердің мінсіз болғаны соншалық, олар қай жердің бұзылғанын өз бетінше анықтай алады.


Өз ақауын ӨЗІ АНЫҚТАЙ АЛАТЫН көліктер бар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Тәжірибелі жүргізушілер кейбір көлік ақауларын оп-оңай біліп отырады. Сол секілді, қазігі көліктер де өз ақауын анықтай алатын болған. Мәселен, шина, қозғалтқыш, электр желісі мен гидравликалық жүйелер, орындықтар, тіпті құбырдағы жағдайдан хабар бере алады. Бұл деректер OBD деп аталатын борттық диагностикалық жүйемен өңделеді. Сөйтіп, бақылау тақтасындағы белгілер арқылы жүргізушіге ескерту жасайды.


1. Лас май

Көптеген автомобильдерің майы мен май сүзгісін ауыстыру өндірушілер ұсынған белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылады. Бұл уақыттың мәні автомобиль өндірушісіне, қозғалтқыштың моделі мен түріне, тіпті көлік құралының жұмыс орнына байланысты өзгере береді. Мәселен, бұрындары қозғалтқыш майы мен сүзгісін 3-5 мың шақырым сайын ауыстыру қажет болатын. Содан соң, майлардың сапасы көтеріліп, бұл аралық 15, 20 мың шақырымға жетті. Алайда, майдың қызмет ету мерзімі тек жүгіріспен ғана емес, сонымен қатар қозғалтқыштың жұмыс режимімен де анықталады. Сол себепті, қазіргі кейбір заманауи автомобильдерге майдың күйін және оның ластану дәрежесін анықтайтын датчиктер орнатылған. Мұндай машиналар қозғалтқыш майын қашан ауыстыру қажет екенін өздері шешіп, иесіне хабарлайды.


2. Шина қысымы

Шинаның қысымын бақылау жүйесі бүгінде көптеген модельдерде, соның ішінде Қытай өнімдерінде де бар. Бұл кез-келген заманауи автокөліктің өзін-өзі диагностикалауының негізгі функцияларының бірі. Яғни, шиналарды бақылау жүйесі шиналардың біріндегі қысым қалыпты күйден төмен түссе, жүргізушіге хабарлайды. Дегенмен, олар қай дөңгелекте проблемалар туындағанын дөп басып айта бермейді. Бұл көліктің құнына да байланысты. Қалай болғанда да, бұл функция көптеген қиындықтардың, соның ішінде ауыр апаттардың алдын алуға көмектеседі.


3. Тежегіш проблемалары

Кез-келген көліктегі тежегіш жүйесі кем дегенде тежегішке арналған сұйықтық деңгейінің сенсорымен жабдықталады. Тиісінше, ол сұйықтық қалыпты деңгейден төмен түскенде, жүргізуші бақылау тақтасы арқылы тежегіште ақаулар бар екендігін біле алады. Сондай-ақ, қазіргі жаңа көліктер тежегіш жүйесінің барлық бөлігін бақылап, ескерту жасауға қабілетті болып келеді.


4. Ауа ылғалдылығының артуы

Ауа-райының қолайсыз жағдайында автомобильдердің әйнектері тұманданып немесе ішінен қатып қалады. Тіпті, мұндай жағдайда пештің де күші жетпей қалуы мүмкін. Дегенмен, кейбір машиналардағы жүйелер мәселе туралы ескерту жасап қана қоймай, ылғалдылықты автоматты түрде бақылай алады. Бұл жағдайды басқаруға және тұманның алдын алу үшін барлық қолжетімді құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді.


5. Бензобак жабылмай қалса…

Егер, бензобактың қақпағын жабуды ұмытып кетсеңіз, "қозғалтқыштағы ақаулық" белгісі жануы мүмкін. Оны көрген кейбір жүргізушілер сарсаңға салынып, ақауды іздеу мен оны жөндеуге уақыты мен ақшасын шығындап жатады. Сондықтан қазіргі көліктер бензобактың қақпағына қатысты арнайы функция енгізген.


6. Сұйықтық деңгейінің төмендеуі

Автокөліктің өзі анықтай алатын ең оңай мәселе — маңызды техникалық сұйықтықтардың деңгейін тексеру. Бұған мотор мен трансмиссия майы, рульдік сұйықтық, тіпті қарапайым әйнекке шашырайтын су да жатады. Бұрын олардың көпшілігін тек сорғышты ашып, зондтарды қолдану арқылы тексеруге болатын. Қазіргі заманғы борттық компьютерлер мұны машинадан шықпай-ақ тексеруге мүмкіндік береді.


7. Электр жүйесі

Кез-келген көліктің электр жүйесі өте күрделі және ол ерте ме, кеш пе мәселе туындатады. Мысалы, тоқтың қашуы аккумулятордың қуатталуына себеп болуы мүмкін. Көптеген жүргізушілер мұндай ақаулықты аккумулятор күші толығымен таусылғанша байқамауы да мүмкін. Ал, жетілдірілген көліктер өзін-өзі диагностикалау жүйесі арқылы мұндай мәселені анықтап, жүргізушіге хабарлай алады.


8. Бұзу

Кейбір көліктер алыста жүрген иесіне қандай да бір қиындыққа тап болғанын «айта» алады. Мысалы, көлікті бөгде адамдар ашыуға не зақымдауға тырысқанда. Сонымен қатар, автомобильдің борттық жүйелері смартфондағы арнайы қосымшаның көмегімен оның күйі мен орналасқан жерін бақылауға да мүмкіндік береді.

9. Салондағы лас ауа

Кейде қозғалтқыштың жұмысынан туындап, құбырлар арқылы сыртқа шығуы тиіс улы ауа қандай да бір ақаудың әсерінен салонға еніп кетуі мүмкін. Ал, бұл иіс көліктегі жолаушылардың уланып, тіпті өліп кетуіне дейін жеткізуі мүмкін. Сондықтан қазіргі заманауи көліктерге салондағы ауаның ластануын анықтап, дабыл қағатын құрылғылар орнатылып жатыр.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Штампталған, құйылған, соғылған: Автомобиль дискілерінің қыр-сырын білесіз бе?


Антифризді жиі ауыстыру керек пе? Негізгі ережелер мен ұсыныстар