Терезе тазалағыштар ҚАТЫП ҚАЛМАСЫН десеңіз

0
748

Мұз қатқан тазалағыштар – үлкен мәселеге айналатын кішкентай ғана нәрсе.


Терезе тазалағыштар ҚАТЫП ҚАЛМАСЫН десеңіз

фото: ixbt.com

Қыс мезгілі жүргізушілерді жалықтырмайды. Өйткені бұл мезгілде түрлі қиындықтармен күресу қажет. Сондай аязды таңдағы тосынсыйлардың бірі – терезе тазалағыштардың қатып қалуы. Күнді жаңа щеткалар сатып алудан бастамас үшін, қалай дұрыс әрекет ету керектігін және бұл мәселеден қалай аулақ болу керектігін айтпақпыз.


Тазалағыштар неліктен қатып қалады?

Щеткалар белгілі себептермен әйнекке жабысып қалады. Көбіне мұндай жағдайға сапардан кейін әйнекте қалған ылғал су әсер етеді. Түнгі температура төмен болғандықтан бұл ылғал қатып, шыны мен резеңке щеткаларды жабыстыратын мұзға айналады. Тозған тазалағыштар жағдайды тіптен нашарлатады. Себебі мұндай щеткалар мұзбен тезірек әрекет етеді. Ауа-райы да маңызды рөл атқарады. Температураның аязға жақын деңгейге түсуі, қар мен аязды жаңбыр – таңертеңгі тосынсыйдың негізгі себептері болады.


1. Тазалағыштарды іске қоспаңыз

Ең маңызды ереже – егер олар қатып қалса, тазалағыштарды іске қоспаңыз. Себебі қозғалтқыш оларды барынша жылжытуға тырысады, бірақ жабысқан резеңке мұндай әрекеттен кейін аман қалмауы әбден мүмкін.


2. Терезе жылыту қызметін қосыңыз

Қозғалтқышты іске қосып, суы қызғаннан кейін алдыңғы әйнекке жылы ауа үрлеу жүйесін қосыңыз. Бірнеше минуттан кейін терезедегі мұз ериді және щеткалар емін-еркін қозғалады. Ең бастысы - әйнекке ыстық су шашпаңыз!


3. Тазалағыштарды босатыңыз

Әйнектегі және тазалағыштағы мұз ерігеннен кейін арнайы щеткамен немесе жұмсақ шүберекпен мұзды ақырын тазалаңыз. Тазалағыш щеткасына абай болыңыз. Себебі щеткалар мұзды мұқият тазаламағаннын салдарынан жиі деформацияланады немесе жыртылады.


4. Еріткішті қолданыңыз

Егер мұз өте тығыз болса, еріткіш сұйықтық көмектеседі. Өнімді резеңке жолақ пен әйнектің жанасатын жерлеріне шашыратыңыз. Бірнеше минут күтіңіз және тазалағыштарды ақырын көтеріңіз.


5. Щеткалардың күйін тексеріңіз

Щеткаларды мұз құрсауынан босатқаннан кейін резеңке таспаларды тексеріңіз. Егер олар жыртылып кетсе немесе әйнекте жолақтар қалдыра бастаса, әйнек тазалағыштар ауыстыруды сұрайды. Тозған щеткалар пайдасыз.


Тазалағыштардың қатып қалуын қалай болдырмауға болады?

Алдын алу, әдеттегідей, оңай және арзан:

  • Түнде көлікті тұраққа қойғаннан кейін әйнекті қардан тазалаңыз;
  • Резеңке таспалардың күйін қадағалаңыз, ескірген құрал жиі қатып қалады;
  • Әйнек тазалағыштарды дымқыл әйнекке тиген күйде қалдырмаңыз;

Түнде щеткалардың «қарғыбауын» еңкейтіп қою жақсы әдет емес. Бұл позицияда ұзақ уақыт тұрса «қарғыбаудағы» серіппе созылып кетеді де, уақыт өте келе щетка икемділігін жоғалтады және әйнек тазалағыштар шынымен дұрыс жанаспайтын болады.


Қыста нені тексеру керек?

  • Әйнекке ауа үрлеу немесе жылыту жүйесінің жұмысын;
  • Шыны еріткіштің және пластикалық қырғыштың болуын;
  • Шыны тазалағыштардағы резеңке жолақтарының жағдайын.


Мұз қатқан тазалағыштар – оп-оңай үлкен мәселеге айналатын кішкентай ғана нәрсе. Таңертеңгі бірнеше дұрыс әрекет және кешкі алдын-алу қажетсіз шығындар мен жаман көңіл-күйдің алдын алады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Антифриз неге қажет, қаншалықты жиі ауыстыру керек және араластыруға бола ма?

БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ РЕЗЕҢКЕ ЭЛЕМЕНТТЕРГЕ КҮТІМ ЖАСАУ: орындықтарды, рөлді қоршаған ортаның әсерінен қалай қорғауға болады?