Антифриз неге қажет, қаншалықты жиі ауыстыру керек және араластыруға бола ма?

0
197

Автокөліктің қозғалтқышын қызып кетуден қорғау үшін антифриз қажет.


Антифриз неге қажет, қаншалықты жиі ауыстыру керек және араластыруға бола ма?

фото: carsweek.ru

Көлік айдап жүрген барлық жүргізушілер салқындатқыш сұйықтықтардың қандай екенін және оларды араластыруға болатынын білмейді. Бүгін біз сіздерге осы туралы айтып береміз.

Автокөліктің қозғалтқышын қызып кетуден қорғау үшін антифриз қажет. Сонымен қатар, ол салқындату жүйесін коррозиядан және зақымданудан қорғап, ластануды жою қызметін атқарады.


Салқындатқыштар құрамы және қасиеттерімен, сондай-ақ түсімен ерекшеленеді. Антифриз бейорганикалық, органикалық немесе карбоксилат, гибридті және лобридті болып бірнеше түрге бөлінеді. Сондай-ақ, әр түрлі класы бар, бұл олардың радиаторлар мен әртүрлі типтегі автомобильдерде қолданылуына әсер етеді. Сонымен қатар, тосолды бөлек атап өткен дұрыс. Бұл да салқындатқыштың бір түрі. Ол өткен ғасырда ойлап табылған және ескі үлгідегі отандық көліктерге арналған. Сондықтан тосол әлі де сауда сөрелерінде кездеседі, бірақ оны заманауи көліктерге пайдалану ұсынылмайды.


ЕНДІ АНТИФРИЗДІҢ ТҮРЛЕРІНЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ.

G11 класындағы салқындатқыштар мыс немесе жезден жасалған радиаторы бар машиналарға жарамды, бірақ алюминийден жасалған радиаторға қолданылмайды. Бұдан бөлек оларды тым ескі көліктерге пайдаланбау керек. Өйткені мұндай көліктердің салқындату жүйесі жиі коррозияға ұшырайды. Мұндай антифриздер этиленгликоль негізінде жасалған және тотты кетіруге емес, қорғауға арналған қоспалары бар.

G12 және G12 + класының антифриздерінде коррозияның одан әрі таралуына жол бермейтін органикалық карбоксил қоспалары бар. Олар жоғары жылу өткізгіштікке ие және қуатты қозғалтқыштары бар автомобиль модельдеріне жарамды. Мұндай сұйықтықтарды G11 класындағы композициялармен араластырудың қажеті жоқ, өйткені мұндай әрекет сұйықтықтың пайдалы қасиеттерін тез жоюы мүмкін.

G12++ - лобридті салқындатқыш сұйықтықтар. Олардың құрамында этиленгликоль, сондай-ақ тоттың пайда болуына қарсы кремний және органикалық қоспалар бар. Бұл антифриздердің қызмет ету мерзімі ұзақ. Көбінесе ол он жылға дейін қызмет етуі мүмкін. Сіз мұндай сұйықтықты басқаларымен араластыра аласыз.

G13 - ең заманауи және қымбат антифриздер. Олар этиленгликоль емес, пропиленгликоль көмегімен жасалады. Бұл қосылыстар лобридті. Кейде оларды Multifreeze деп те атайды. Оларды кез-келген салқындатқышпен араластыруға болады.


Сонымен қатар, антифриздер түсі бойынша да ерекшеленеді.Бүгінгі күні әртүрлі реңктердегі сұйықтықтарды араластыруға тыйым салынбайды. Ең бастысы, олар қасиеттері мен сыныптары бойынша бір-біріне сәйкес келуі керек. Яғни түсіне қатты мән берудің керегі жоқ. Көбінесе сұйықтықтың түсі нарықта белгілі бір брендті немесе өндірушінің кез-келген желісін бөліп көрсетуге арналған маркетингтік қадам. Сонымен қатар, антифризге түс қосу оның резервуардағы деңгейін тексеруді жеңілдетуі мүмкін. Сондай-ақ, абайсызда ішіп қоймау үшін автохимияны тағаммен шатастырмауға мүмкіндік береді.


Әр түрлі сыныпқа жататын салқындатқыштарды араластыру қауіпті болуы мүмкін. Бұл кейде жайсыз жағдайларға да соқтырып жатады. Атап айтқанда, егер сіз жарамсыз антифриздерді араластырсаңыз, салқындату жүйесінің элементтерінде тұнба пайда болуы ықтимал. Оны өз көзіңізбен де көруге болады. Тұнба жүйе мен қозғалтқышты бітеп тастайды. Бұл көбінесе бөлшектердің тез тозуына әкеледі. Егер күйік қоңыр немесе лас сұр түске боялған болса, қауіптілігі жоғары деген сөз. Бұл жағдайда ескі антифризді ағызып, жүйені шайып, жаңа салқындатқышты құю қажет.


Сәйкес емес антифриздерді араластырған кезде, қоспа өзінің қасиеттерін тез жоғалтуы мүмкін. Бұл жағдайда жылу өткізгіштік нашарлайды, қайнау және қату температурасы төмендейді. Осының салдарынан қозғалтқыш қатты қызып кетуі немесе аязда оталмай қалуы мүмкін. Бұл туралы көбінесе кеңейту цистернасындағы көбік арқылы білуге болады. Кейде қоңыр масса одан ағып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда сіз жүйені шұғыл түрде жуып, антифризді ауыстыруыңыз керек.


Көптеген автомобиль өндірушілер салқындатқышты екі-үш жылда бір рет ауыстыруды ұсынады. Бұл жағдайда Сізге автокөлікті пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұсыныл ған антифризді ғана құю керек. Оның деңгейін үнемі тексеріп отыру керек. Мұны кем дегенде екі аптада бір рет жасаған жөн.


Егер салқындатқыш сұйықтық жетіспесе, оны қажетті мөлшерге дейін толтыру керек. Цистернадағы сұйықтықтың азайғанын қозғалтқыш температурасының тез көтерілуінен, салондағы антифриздің иісінен, көлік астындағы тамшыларынан немесе жылытқыштың әлсіз жұмысынан аңғаруға болады. Бұл жағдайда салқындатқыштың бар-жоғын шұғыл түрде тексеріп, қажет болған жағдайда оны қоқалыпты күйге дейін толтыру керек. Егер деңгей үнемі төмендей беретін болса, бұл құбылыстың себебін шұғыл түрде анықтауыңыз керек. Бұл әдетте жүйенің тесілуінен немесе оның элементтерінің дұрыс жұмыс істемеуінен болады.


Демек, антифриз кез-келген автомобильдің қозғалтқышы үшін өте маңызды. Деңгейі жеткіліксіз болса немесе көлікке сәйкес келмейтін салқындатқышпен жүру қозғалтқышқа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан салқындатқыш сұйықтықты үнемі тексеріп жүріңіз. Салқындату жүйесін уақтылы жөндеу әлдеқайда арзан және оңай болады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


МАЙ – ҚАРАЯДЫ, МЕХАНИКА – ҮНЕМДЕЙДІ: Автокөлік әлеміндегі ЕҢ ТАНЫМАЛ, бірақ ПАЙДАСЫЗ мифтер


Мұздың автокөлікке қандай ЗИЯНЫ бар?

Бөлісу