Шымкенттік кәсіпкер: "Сауда орныма біреу тұз сеуіп кетеді"

0
6 944

​Әрбір әйел әшекеймен әрленгенді қалайды, сондықтан алтын мен күміске деген сұраныс бұрыннан жоғары болған. Қазіргі таңда осы бизнеспен айналысу қаншалықты тиімді, сауданың сәтті болуы үшін не істеу керек деген сауалдарға он жылдан аса уақыт күміс сатумен айналысатын, Шымкент қаласында бірнеше дүкені бар Айгүл ханымнан жауап алу үшін әңгімеге тарттық.


Шымкенттік кәсіпкер:

Әрбір әйел әшекеймен әрленгенді қалайды, сондықтан алтын мен күміске деген сұраныс бұрыннан жоғары болған. Қазіргі таңда осы бизнеспен айналысу қаншалықты тиімді, сауданың сәтті болуы үшін не істеу керек деген сауалдарға он жылдан аса уақыт күміс сатумен айналысатын, Шымкент қаласында бірнеше дүкені бар Айгүл ханымды жауап алу үшін әңгімеге тарттық.

"Алғашында зергерлік бұйымдармен айналысуға қызығушылығым болған жоқ. Бұл кәсіпті әпкем Гүлайша үйретті" деген Айгүл ханым бас кезінде бұл кәсіпке ақша салғаны үшін қорқып та жүрген екен. Бірақ ол кәсіптен пайда көру үшін сабырлық танытып, күресе біледі.

Сонымен қатар, кәсібіңнің өркендеуіне ықпал ететін басты дүние тұтынушының көңілін табу екен. Осыны басты қару еткен Айгүл ханым дизайн таңдауда барынша соңғы трендтер мен мамандардың кеңестерін оқи отырып халықтың сұранысын дөп басуға тырысады. Тұтынушы үшін сапасы мен бағасы қашанда маңызды рөл ойнайды. Осына ескерген кәсіпкер әйел барынша алушының мүмкіндігіне қарауға тырысады екен.

"Маған кәсіпті үйреткен әпкем "Жалпы күміс - таза зат. Ол тазалықты жақсы көреді" деп санама жақсылап құйды" деген табысты әйел енді кәсіп бастап жатқандарға ақша тазалық пен адалдықты жақсы көретінін айтып, лас іске бармауға шақырады.

Жалпы саудадағы адамдардың ырым-тиымға көп мән беретіні жасырын емес. Оның себебін тереңірек білу үшін саудада жүрген Айгүл ханымның өзінен сұраған едік, күліп алып қызықты оқиғасын айтып берді.

"Мен негізі ондай ырым-тиымға сенбеймін. Менің санамда "Маған ешкім бәсекелес бола алмайды" деген сөз жатталып қалған, сол үшін ұсақ түйекке назар салмаймын. Бірақ бірде мынадай жағдай болды. Таңертең бір дүкенімдегі сатушы қыз хабарласып "Әпке, мына жерге тұз шашып тастапты. Енді қайтеміз, кіруге қорқып тұрмын..." дейді. Сосын ол қызды қорқытып алмау үшін "Ішке кіре бер, мен шашқанмын" дедім.

Бірақ кім олай жасағанын өзім де білмеймін, түс ауа сол жерге барсам сатушы қыз "Әпке, бүгін сауда өте жақсы болды. Күнде осылай істеп тұрсаңызшы" дегенде, "Жарайды" деп күле салдым. Шынымды айтсам кімнің жасағаны әлі белгісіз. Ол туралы кейін ойланып та көрмедім".

Бірнеше дүкенге иелік ететін Айгүл ханым сатушы қыздарға шүбәсіз сенемін дейді. "Бірақ неге екенін жұмысқа ата-анасымен бірге тұратын қыздардың келгенін қалаймын"деген әпкеміз ешқашан сатушым алдап, болмаса атымды ұрлап кеткен емес деп Аллаға шүкірлік айтты.

"Жұмысқа келген қыздың жанары өзі туралы айтып тұрады ғой, қызметке кіріскен күннен сол жерді тапсырамын. Жандарында да көп болмаймын, "басшысы сенсің" деп тасырып кетіп қаламын. Шүкір сенімім алдаған емес".

Бұрын табысқа көп мән беріп, ақшаны қатты жақсы көрген кәсіпкер қазір ішкі дүниесін жетілдіруді қолға алған. Содан бері сыртқы табыс туралы ойламайды, дегенмен ішкі әлемімен жұмыс істегелі сыртқы табысы да өсіп жатқанын айтып марқайды.

Фото жеке мұрағаттан алынды

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ