Тігін тігуді онлайн үйренуге болады

0
13 611

"Тігін тігу өнері – махаббат пен сұлулыққа деген құштарлық жиынтығы"деген әдемі сөз бар екен. Сұлудың мүсінін айшықтайтын киімнің өз қолынан шыққаны қандай жарасымды...


Тігін тігуді онлайн үйренуге болады

"Тігін тігу өнері – махаббат пен сұлулыққа деген құштарлық жиынтығы" деген әдемі сөз бар екен. Сұлудың мүсінін айшықтайтын киімнің өз қолынан шыққаны қандай жарасымды...

Тігін тігуді білмейсіз бе? Ол қазір мәселе емес! Тігін курстарына баратын уақытыңыз болмаса, онлайн оқуға да болады. Бұл кәсіптің негізін қалап, бұл күнде халыққа пайдалы кәсіп үйретіп отырған Гүлсім Елемесқызына бірнеше сұрақ қойған болатынбыз.


@Karashash_esenbay: Сәлеметсіз бе, Гүлсім ханым. Әңгімені тігіншілікке қалай келгеніңізден бастасақ...

Гүлсім Елемесқызы: Негізі өзім филология мамандығын бітіргенмін, бірақ әуелде журналист болуды армандап өскен қызбын. Журналист болып жұмыс істедім, кейін баламен демалыста отырып қалдым. Сол уақытта шығармашылықтан қарағанда, маған табыс табу жағы маңызды болды. Бұрын жұрт кимеген нәрсені киіп үйренгендіктен, отбасылық өмірде маған қиын болды. Өзімді нашар сезінемін, «мен ала алмадым» деп жолдасыма ренжитінмін. Содан бір күні өзім тігін тігуді үйренейін деп шештім. Оған дейін тіге алмайтынмын, бірақ анам тігінші, шебер кісі.

"Тігін тігіп үйренемін" деп шешкен соң, курсқа жазылдым. Курсқа барып мұғалімнің біраз ығырын шығардым, өйткені жалқау болдым. Курс аяқталған соң бір нәрсе тігейін десем, ештеңе тіге алмадым, «Мен түкте үйрене алмадым, ақшамды босқа жұмсадым»- деп ойлап жүрсем мүлде олай емес екен. Курсты аяқтаған бойда мен тапсырыс алып кеттім. Бір кісіге көйлек тігіп едім, жақсы шықты. Сол кісі тұрақты тұтынушыма айналып, өзінің таныстарына алып келді. Солай кәсібім басталып кетті.

@Karashash_esenbay: Ал тігін курсын бастауды қашан ойладыңыз?

Гүлсім Елемесқызы: Мен алдын-ала ойлаған жоқпын, қыздар өзі сұрай бастады. Менің әуелде журналист болғандықтан, "телеарнаға барамын, сол кезде жарқырап киініп жүруім керек қой" деп киім тігуді үйренген едім. Курсты аяқтағаннан кейін өзіме көйлек тігейін десем, матаға ақша таппай қалған күндерімде болды.Сосын амал жоқ, тапсырыспен киім тіктім. Содан түскен ақшаға мен өзіме мата сатып алдым.

@Karashash_esenbay: Алғаш бастаған кезде қателік жіберген, киім ойыңыздағыдай шықпай қалған кездеріңіз болған шығар?

Гүлсім Елемесқызы: Ия, тапсырыс берушінің матасын бүлдіріп алған кездерім болды. Дұрыс емес шыққан кезде мен матаны қайта сатып алып, қызметіме ақша алмай тіккен едім. Бірақ ондай қателіктерім көп болған жоқ, тек 2-3 рет болды.

@Karashash_esenbay: Жалпы курс ақысы қанша? "Жарты пакет" және "толы пакет" деген бар екен оның қандай айырмашылығы бар?

Гүлсім Елемесқызы: Қазіргі нарықта курс оқытатындар өте көп, кезінде мен оны білмеппін. Ол кезде әлеуметтік желі қазіргідей күшті емес еді. Бірақ ол курстардың көбіне көңілім толмайды. Себебі "3 ай уақыт оқытамын" дейді, тіпті 3 жыл колледжде оқыған қыздардың өзі тігін тіге алмайтынын көрдім. Ол тек тәжірбиемен келеді. Қазір мен «Әліппе» деген пакетімде бір ай оқытамын, 24 сағатта тігіншілікке қажетті ақпаратты беремін, қалғаны өзіне байланысты."Мұғалім тек бағыт беруші" деп дұрыс айтады, мысалы өзіме үйреткен кісі менің логикамды ашты, сосын тігіншілік дегеннің иісі менің мұрныма бара бастады. Қалғанын үйде отырып өзім іздендім.

Онлайн курсқа қатысу өте ыңғайлы. Барлық адам қолындағы смартфон арқылы тәуліктің кез келген уақытында көре алады. Ол жерде сабақтар детальдап көрсетіледі. Яғни, бірден киім тікпейсіз. Әуелі әр сабақты оқып, қайталап орындайсыз. Жұмыстарыңызды уатсап арқылы көрсетесіз. Бұл үйдегі аналарға тамаша мүмкіндік деп ойлаймын.

Фото: @gulsim_elemesqyzy

Автор: @Karashash_Esenbay

ERNUR.KZ