Асқабақтың ішінде піскен ПАЛАУ

0
4 628

Қазір асқабақ жейтін уақыт!


Асқабақтың ішінде піскен ПАЛАУ

Қыс мезгілінде иммунитетті көтеріп, қажетті дәрумендермен ағзаңызды толықтырғыңыз келсе, асқабақтан түрлі тағамдар дайындауды қолға алыңыз!

Бүгін біз өте дәмді әрі ерекше тағамдар дайындаймыз!


Шағын асқабақта піскен кешкі ас

Қажетті азық-түліктер:

  • 4-5 дана мини-ақбақтар
  • 75 гр. саңырауқұлақ
  • 35 гр. балғын асжапырақ (шпинат)
  • 50 гр. балқарағай жаңғағы (кедровые орехи)
  • 4 тіс сарымсақ
  • 1 дана пияз
  • 50 мл кілегей
  • 1 бума жебіршөп (тимьян)
  • 25 гр. моцарелла ірімшігі
  • Дәміне қарай тұз, ұнтақталған қара бұрыш
  • ½ шай қасық орегано дәмдеуіші қосылады.


Дайындалуы:

  1. Әуелі асқабақтың сабақ жағынан азырақ бөлігін кесіп алып тастаймыз. Бірақ кесіп алған асқабақты тастап жіберуге болмайды. Оны қақпақтың орнына пайдаланамыз.
  2. Содан соң асқабақтың дәндерін алып тастап, ішіне май мен сарымсақты жағып шығамыз. Сөйтіп асқабақтарды табаға салып, 180 градусқа қыздырылған пеште 35 минуттай ұстаймыз.
  3. Енді асқабақтың ішіне салынатын салмасын дайындаймыз. Ол үшін саңырауқұлақты турап, дайындап аламыз.
  4. Пияз бен жебіршөпті турап, майға қуырамыз. Артынша саңырауқұлақты салып, тағы да 5 минут қуыру керек.
  5. Содан соң кілегейді құйып, дәмдеуіштерді қажетінше салып, барлығын жақсылап араластырамыз. Отты барынша қойып 5 минуттай қуыру керек. Кейіннен табаны оттан аламыз.
  6. Асжапырақ пен балқарағай жаңғақын майдалап, табадағы қуырмаға қосамыз. Осы араласпаға енді туралған моцарелла ірімшігін саламыз.
  7. Дайын салманы асқабақтарға толтыра салып, 10 минут пеште пісіреміз.
  8. Дайын мини-асқабақтарды дастарханға ұсына беруге болады! Тағамның бетіне үкккіштен өткізілген ірімшікті себелесеңіз де дәмі кіре түседі.


Асқабақта піскен палау



Қажетті азық-түліктер:

  • 2 кг асқабақ
  • 300 гр. фарш
  • 150 гр. күріш
  • 1 дана пияз
  • 1 дана сәбіз
  • 6 дана саңырауқұлақ
  • 3 ас қасық өсімдік майы
  • 2 ас қасық дәмдеуіш
  • Дәміне қарай тұз
  • Көк пияз қажет.


Дайындалуы:

  1. Асқабақты тазалап жуып, сабақ жағынан дөңгелек қылып кесіп аласыз. Сосын қасықпен асқабақтың етті жерлері мен дәндерін алып тастаңыз. Ішіне тұз сеуіп, 180 градусқа қыздырылған пеште, 30 минут пісіріңіз.
  2. Күрішті тазалап жуып, отқа қойып қайнатасыз. Тұз қосып, жартылай піскенше қайнатқан дұрыс.
  3. Сәбізді үккіштен өткізіп, пиязды майдалап турау керек. Табаға өсімдік майын құйып, пияз бен сәбізді қуырыңыз. Содан соңс саңырауқұлақты салып, 2-3 минут тағы да қуырасыз.
  4. Фаршты да осы қуырмаға салып қуырасыз. Дәміне қарай тұз, дәмдеуіштерді қосып, 5 минут бұқтырыңыз.
  5. Күрішті қуырылған көкөністерге қосып, жақсылап араластыру керек. Сөйтіп барлығын асқабаққа саламыз. Асқабақтың кесіп алған бөлігімен бетін жауып, қайтадан пешке салып, 30-40 минуттай пісіреміз.
  6. Асқабақта піскен палауды дастарханға бірнеше бөлікке бөліп ұсынуға да, тұтастай тартуға да болады. Тағамның бетіне майдалап туралған көк пиязды салуды ұмытпаңыз!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Мерекелік ірімшік орамасы


ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МӘЗІР: Қолдан жасалған кәмпиттер