Бұл кәмпиттерді тек пайдалы қоспалардан жасайсыз.
Жаңғақ пен мейіз қосылған өте пайдалы кәмпит
Қажетті қоспалар:
- 100 гр. сұлы жармасы
- 80 гр. кептірілген құрма
- 50 гр. мейіз
- 30 гр. грек жаңғағы
- 10 гр. какао ұнтағы
Дайындалу тәсілі:
- Сұлы жармасы мен грек жаңғағын блендермен ұнтақтаймыз. Барлығы біркелкі ұнтаққа айналғанша айналдырамыз.
- Құрманың сүйегін алып, оны да мейізбен бірге блендерге саламыз.
- Барлығын блендерде 7 минуттай майдалаймыз. Сосын блендер қызып кетпес үшін сәл ғана үзіліс жасап, қайтадан ұнтақтауды жалғастырамыз.
- Дайын массадан енді домалақ кәмпиттер жасаймыз. Қолды сулаудың қажеті жоқ, себебі мұндай масса қолға жабыспайды.
- Пакетке какао ұнтағын салып, кәмпиттерді сол ұнтаққа аунатып аламыз. Ол үшін кәмпиттерді какао ұнтағы салынған пакетке салып, шайқасаңыз болғаны. Жаңғақ пен мейіз қослыған кәмпиттер де дайын!
Сүтті шоколадтан дайындалған кәмпиттер
Қажетті қоспалар:
- 50 гр. сұлы жармасы
- 20-30 гр. алма шырыны
- 15 гр. кокос майы
- 10 гр. бадам ұнтағы
- 50 гр. кептірілген қара өрік
- 2 шай қасық какао ұнтағы
- 2 шай қасық құрғақ сүт
Дайындалу тәсілі:
- Кептірілген қара өрікті майдалап турап, сұлы жармасын блендермен ұнтақтап алыңыз.
- Сосын барлық қажетті қоспаларды, ұнтақталған сұлыны, майдалап туралған қара өрікті араластыру керек. Сөйтіп осы араласпадан домалақ кәмпиттер жасап, құрғақ сүт пен какао ұнтағы араласпасына аунатып аласыз.
- Дайын кәмпиттерді 2 сағат бойы тоңазытқышқа салып қойып, кейіннен жей беруге болады.
Кептірілген құрма мен сұлы қосылған кәмпит
Қажетті қоспалар:
- 90 гр. сұлы жармасы
- 90 гр. пісте
- 40 мл жылы су
- Дәміне қарай кардамон дәмдеуіші
- 120 гр. кептірілген құрма қосылады.
Дайындалу тәсілі:
- Кептірілген қара өрікті 1 сағат бойы салқын суға салып қойыңыз.
- Пісте мен сұлы жармасын табаға салып, 180 градусқа қыздырылған пеште сарғайғанша қыздырасыз.
- Сұлының жартысын кардамо дәндерімен бірге блендерде ұнтақтайсыз.
- Құрманы да блендермен майдалаған дұрыс.
- Барлық қоспаларды бір табаққа салып, суды аз-аздан құя отырып, біркелкі массаға айналғанша араластырасыз.
- Дайын массадан өз қолыңызбен кәмпиттер жасаңыз немесе арнайы силиконды формаларға салыңыз. Дайын кәмпиттерді тоңазытқышқа салып қойсаңыз, 1-2 сағатта тәттілер де дайын болады.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: