Кәді мен баялды қосылған ең дәмді пісірме

0
3 140

Күздің ең дәмді әрі пайдалы азығы - көкөністер.


Кәді мен баялды қосылған ең дәмді пісірме

Кәді антиоксиданттар мен түрлі қышқылдарға бай. Оның құрамы сонымен қатар майлы қышқылдарға, иммунитетті нығайтатын аскорбин қышқылы мен бета-каротинге қаныққан. Магни, калий, кальций, марганец, фосфор сынды элементтерді де кәдінің құрамынан табуға болады. Ал, баялдыда холестерин деңгейін түсіруге көмектесетін В тобындағы барлық дәрумендерді табасыз. Осындай пайдалы көкөністерден дайындалған пісірмені дайындап көргіңіз келсе, мәзірімен таныс болыңыз!



Қажетті өнімдер:

  • 230 гр. ұн
  • 150 гр. сары май
  • 1 шым-шым тұз
  • 100 гр. қаймақ
  • 500 гр. кәді
  • 500 гр. баялды
  • 2 тіс сарымсақ
  • 2 ас қасық өсімдік майы
  • 5 тал ақжелкен
  • 2 дана жұмыртқа
  • 130 гр. қатты ірімшік
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш, насыбайгүл.


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен табаққа ұн, тұз, бір кесек сары май салып, қолмен үгітеміз. Осы араласпаға қаймақты қосамыз.
  2. Қамыр қолға жабыспайтындай болуы керек. Егер жабысатын болса, азырақ ұн қосып жіберуге болады.
  3. Дайын қамырды асханалық пленкаға салып, 30-40 минуттай тоңазытқышқы салып қоямыз.
  4. Салмасына қосатын кәді мен баялдыларды орташа көлемде турап, дайындап аламыз.
  5. Табаны отқа қойып қыздырып, май құйыңыз, сосын сарымсақты саласыз.
  6. Осы табаға туралған көкөністерді саласыз. Қозғауды тоқтатпай, 7-8 минуттай кәді мен баялдыны қуырып аламыз. Қуырманы оттан алып, суытып қойыңыз.
  7. Көкөністер ішінен сарымсақты алып тастап, дәміне қарай тұз, бұрыш, насыбайгүлді қосасыз.
  8. Суыған қуырмаға енді жұмыртқаны, үккіштен өткізілген ірімшік пен майдалап туралған аскөкті салыңыз. Барлығын жақсылап араластырасыз.
  9. Формаға пергамент қағазын салып, тоңазытқыштағы қамырды жаямыз. Қолмен жайылған қамырды формаға салып, ортасына көкөністер араласпасын жайғастырамыз. Қамырдың жан-жағы мен салманың бетін тегістейміз.
  10. 180 градусқа қыздырылған пеште дайын пирогты 50-60 минуттай пісіреміз. Дайын болған пісірмені пештен алып, суытып қоямыз. Дәмді пісірме кешкі асқа арналған керемет ас болмақ!

Дайындаған: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Мына 7 көкөністі қыс мезгіліне міндетті түрде сақтап қойыңыз


Асқабақтан ТӘТТІ де ДӘМДІ десерт ПІСІРУГЕ болады