​Қамырлы кәуап

0
2 498

Үйде әр әйел ет жентегiнен әзiрленген кәуапты өзi-ақ пiсiре алады. Сондай-ақ кәуаптың арасына қамыр салып пiсiрсеңiз, ешқандай нанның да қажетi жоқ. Нан орнына кәуап арасына салынып пiсiрiлген қамырды пайдаланасыз. Ерекше әрi дәмдi.


​Қамырлы кәуап

Үйде әр әйел ет жентегiнен әзiрленген кәуапты өзi-ақ пiсiре алады. Сондай-ақ кәуаптың арасына қамыр салып пiсiрсеңiз, ешқандай нанның да қажетi жоқ. Нан орнына кәуап арасына салынып пiсiрiлген қамырды пайдаланасыз. Ерекше әрi дәмдi.

Қажетті заттар:

*** 500 грамм ет жентегi

*** 500 грамм ашытқы қосылмаған қатпарлы қамыр

*** 3 ас қасық соя соусы

*** 2 дана сарымсақ

*** 1 дана пияз

*** Қалауыңызға қарай қара бұрыш пен тұз

*** Ұзын түйреуiш ағаштар (шпажка)

Дайындау тәсілі:

1.Пиязды еттартқыштан немесе iрiкөздi үккiштен өткiзiңiз.

2.Ет жентегiне пияз, соя соусы, ұнтақталған қара бұрыш, тұз, ұсақтап туралған сарымсақ қосып араластырыңыз.

3.Жарты сағат тоңазытқышқа салып қойыңыз. Кейiн дәмдеуiштер мен пияз араласқан ет жентегiнен орташа көлемде бiрнеше домбай (фрикаделька) жасаңыз.

4.Домбайларды қағаз бетiне сұйықтығынан сорғыту үшiн қою керек. Ал, бұл аралықта қамырды тiкбұрышты етiп жұқалап жайыңыз.

5.Домбай көлемiнен сәл жалпақтау етiп қамырды бiрнеше бөлiкке ұзыншалап кесiңiз.

6.Бүгiнде ағаш түйреуiштердiң ұзыны да, қысқасы да сатылады.Ұзын түйреуiштердi бiр-екi минут суға салып қойыңыз. Сосын оның әрбiрiне қамырды арасына сала отырып домбайларды iлiңiз. Яғни, әр түйреуiшке көлемiне қарай 4-5 домбай түйреу жеткiлiктi.

7.Қалыпқа май жағып, домбай мен қамыр өткiзiлген ағаш түйреуiштердi орналастырыңыз. 180 С қыздырылған пешке салыңыз.

8.30-40 минутта қамырлы кәуап дайын болады.

Ас болсын!