​Картоп езбесі мен фарштан дайындалған дәмді пісірме

0
2 372

Картоп езбесін жасау қиын емес. Ал оны фаршпен үйлестіріп дайындайтын болсақ өте дәмді тағам шығады.


​Картоп езбесі мен фарштан дайындалған дәмді пісірме


Қажетті қоспалар:

  • 500 гр. картоп
  • 500 гр. фарш
  • 1 дана пияз
  • 100 гр. ірімшік
  • 50 гр. сары май
  • 3 дана қызанақ
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен картопты қайнатып пісіріп аламыз. Содан соң сары майды қосып, езбе жасаймыз. Дәміне қарай тұз қосып, жақсылап араластыру керек.
  2. Пияздың қабығын аршып, майдалап турап, фаршпен аралстырасыз. Содан соң фарш пен пиязды қызып тұрған табаға салып, қуырамыз. Азырақ тұз қосуға болады.
  3. Қызанақтарды дөңгелектеп турайсыз.
  4. Пісірмеге арналған форманы майлап, картоп езбесінің жартысын жайып салып, оның үстіне қуырылған фаршты саламыз.
  5. Ал фарштан соң қалған картоп езбесімен пісірменің бетін толықтай жабу керек. Оның бетіне дөңгелек қызанақтарды қойып шығып, үккіштен өткізілген іріммшікті себелейсіз.
  6. Пешті 200 градусқа қойып қыздырып, пісірмені салып, 20 минуттай ұстаймыз. Осы аралықта пісірмеміз де дайын болады.
  7. Бұл тағамға қажеттіезбені алдын-ала дайындап қойып, қажет кезде тез-тез пісіріп жіберуге болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ДӘМДІ ТАҒАМ: тауық етін сүтке бұқтырып пісіруге болады