​КӨК ПИЯЗ қосылған ерекше БАУЫРСАҚ

0
3 780

Бауырсақ – қазақтың ұлттық тағамының бірі. Заман ағымына қарай бауырсақты дайындаудың да түрлі мәзірі шығып жатыр. Бүгін өте ерекше әрі дәмді бауырсақ пісіру әдісін ұсынбақпыз.


​КӨК ПИЯЗ қосылған ерекше БАУЫРСАҚ

Көк пияз қосылған бауырсақ жеп көрмеген боларсыз? Ендеше үйбикелері өз отбасын қуанту үшін немесе қонақ шақырарда осындай бауырсақтарды дайындаса бәрі де риза болатыны сөзсіз.


Қажетті қоспалар:

  • 200 мл жылы су
  • 300 мл жылы сүт
  • 1-2 шай қасық қант
  • 1-2 шай қасық тұз
  • Қажетінше ашытқы
  • 2 ас қасық майонез немесе қаймақ
  • 50 гр. сары май қосуға да болады
  • 500-600 гр. ұн
  • 100 гр. көк пияз
  • Ұнтақ нан.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен ыдысқа сүт пен жылы суды құйып, құрғақ қоспаларды қосамыз да, жұмсақ қылып қамыр илейміз.
  2. Қамырдың ашуына 1-2 сағат уақыт керек. Осы аралықта қамырды жылы орап, бір шетке қоя тұрамыз.
  3. Қамыр ашығаннан кейін майдалап туралған пиязды салып, қолымызбен бір араластырамыз. Көк пиязды қамырмен араластыру оңайға түспейді. Дегенмен, қолмен жақсылап мыжғыласаңыз, араласады. Көк пияз қослыған қамырды тағы да 15-20 минуттай бетін жауып қою керек. Сонда қамырдың июі қанып, пісіруге дайын болады.
  4. Ашыған қамырды кішкене бөліктерге бөліп, дөңгелектейміз. Содан соң бір ыдысқа жұмыртқа, бір ыдысқа ұнтақ нанды салып дайындап аламыз. Содан соң қамырдарды алдымен жұмыртқаға, артынша ұнтақ нанға аунатып, қызық тұрған майда пісіреміз.
  5. Өте ерекше әрі топ-томпақ бауырсақтарымыз да дайын! Ас болсын!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Жемістен дайындалған ШӨЛБАСАР лимонадтар мәзірі


ТРЕНД ТАҒАМ: баялдыдан дайындалған пісірмелер