​Сүзбе мен какаодан ТОРТ

0
4 198

Қазіргі хит торттардың бірі – сүзбе мен какао қосылған ТОРТ.


​Сүзбе мен какаодан ТОРТ


Қажетті өнімдер:

Қамырға:

  • 3-4 стақан ұн
  • ½ шай қасық қамыр қопсытқыш
  • ½ стақан қант
  • 2/3 стақан кокос ұнтағы
  • 100 гр. сары май.


Салмасына:

  • 450 гр. сүзбе
  • 250 гр. қаймақ
  • ½ стақан қант
  • 2 шым-шым тұз
  • 3 дана жұмыртқа
  • 150 гр. кокос ұнтағы
  • Шоколад жасауға:
  • 100 гр. қара шоколад
  • 80 мл кілегей


Дайындалу тәсілі:

  1. Табаққа ұн, қамыр қопсытқыш, қант пен кокос ұнтағын салып, жақсылап араластырамыз.
  2. Сары майды ерітіп, оны да қосып жібереміз. Осы дайын массаны табаға құйып, 180 градусқа қойып қыздырып, 10-15 минут пісіріп аламыз.
  3. Торттың енді ішіне салынатын салмасын дайындайық. Сүзбе, қаймақ пен қантты, тұз бен жұмыртқаны салып, миксермен араластырамыз. Біркелкі массаға айналғанша араластырып, соңында кокос ұнтағын қосып жібереміз.
  4. Осылайша дайындалған салманы 10 минут пісіріп алған корждың бетіне саламыз. Бетін тегістеуді ұмытпайық.
  5. Пешті 180 градусқа қайтадан қыздырып, салма салынған тортты салып, пісіреміз.
  6. Піскен тортты суытып қойып, кейіннен тортты тоңазытқышқа 3 сағатқа салып қою керек.
  7. Қара шоколадты ерітіп, кілегеймен араластырамыз. Содан соң торттың бетіне құйып, кокос ұнтағын себелеп, тағы да тоңазытқышқа салып қоясыз.
  8. Дәмді тортымыз дайын!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Сүзбе мен лимон қосылған тәтті күлше


"Екеуі біреуінде" - екі түрлі салма салынған ТҰШПАРА мәзірі