​«Бес» санының қасиеті

0
1 681

Сандардың да "сиқыры" бар


​«Бес» санының қасиеті

фото: pngwing.com

Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай халық. Ата-бабамыз салт-дәстүр жағынан нық болған. Сонымен қатар, дінді жетік меңгерген, ұстанымдарына берік болған. Қазақ халқы үшін «үш», «бес», «жеті» сандары қасиетті, киелі саналған. Заманнан заманға жеткен дәстүрде, мұндайға аса мән бермейтіндер де жеткілікті. Дегенмен, табиғаттың құбылыстарынан, Алланың жаратылыстарынан ғана емес, сандардан да астар, мән-мағына іздеген. Солардың ішінде бес санының қадір-қасиетіне тоқтала кетсек:


Бес парыз

1) Құдайдың бірлігі мен Мұхаммедтің пайғамбарлық қасиетін мойындау
2) Намаз оқу
3) Ораза ұстау
4) Қайыр-садақа беру
5) Қажылыққа бару

фото: www.lazada.com.


Бес уақыт намаз

1)Таң намазы. 2) Бесін намазы. 3) Екінді намазы. 4) Ақшам намазы. 5) Жашиық (Құптан) намазы.


Бес борыш

1) Аллаға, пайғамбарға байланысты борышы.

2) Адамның өзіне байланысты борышы.

3) Мемлекет пен халыққа борышы
4) Үй-іші, жақындарына борышы
5) Адамгершілік әлеміне борышы


Бес қару

1) Садақ. 2) Мылтық. 3) Найза 4) Қылыш. 5) Айбалта


Бес жақсы

1)Қара нар. 2) Жүйрік ат. 3) Қалы кілем. 4) Алмас қылыш. 5) Бұлғын ішік.


Бес мүше

1) Көз.

2) Құлақ.

3) Ауыз.

4) Тіл.

5) Мұрын.


Бес түн

1) Мәуліт түні - Мұхаммед пайғамбарымыздың туылған күні.

2) Рәджәп түні - Әмина анамыздың Мұхаммед пайғамбарға екіқабат болған түн.
3) Миғраж түні - Мұхаммед пайғамбарымыздың миғражға көтерілген түн.
4) Ақталу (Арылу) түні - Лаухыл Мағбуз жарлығы жер бетіне түскен түн.
5) Қадір түні - Құранның түсе бастаған түні.


Бес асыл, бес дұшпан

Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз...

Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз (Абай Құнанбайұлы)


Бес өсиет

1) Топасқа сенбе

2) Жауға иілме.

3) Әрқашан сақ жүр.

4) Аш үйге қонба.

5) Жарлыдан сый алма.


Бес қатер

1.От.2) Жау. 3) Борыш. 4) Ауру. 5) Сөз

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Әр күннің ҚАСИЕТі бар

Кестелі орамал сыйлау – сезімнің айғағы