Қазір ​«КҮЙЕУДІ САБАП» тұру керек пе?

0
4 282

Әсіресе, ұл өсіріп отырған аналар қаперіне ала жүрсе...


Қазір ​«КҮЙЕУДІ САБАП» тұру керек пе?

фото: massaget.kz

Ата-бабаларымыз неткен дана, данышпан болған деген ой келеді. Себебі бұрынғы заманның дәстүрлерінің қай-қайсысын алып қарасаңыз да, адамдардың өмір сүру жағдайына, тұрмыс-салтына байланысты тек қана пайдалы дүниелер жасаған.

Бұрынғы дәстүрлі қазақ қоғамында адамдар бір-біріне немқұрайлы қарамаған. Әулеттің бүтіндігіне жаппай үлес қосқан. Төрге шығаратын тұсында төрге шығарып, есін жиғызатын уақытта есін жиғызып отырған.

Солардың бірі «күйеу сабау» дәстүрі. Ел ішінде тентегін тезге салып отыратын ақсақалдар, қызының да барған жерінде бақытты ғұмыр кешуін қадағалап, оны ешқашан жылатып қоймаған. Әрине, қыз баласына келін болудың алғышарттарын үйретіп, барған жеріне «тастай батып, судай сіңуін» қалаған. Соған қарамастан, қызды бердім, енді онда шаруам жоқ деген ойдан аулақ болған.


Егер қызының бақытсыз күй кешіп, көзінен жасы құрғамай жүргенін сезсе, күйеу баласынан жауап алған. Кезінде күйеу баласының қолына аманат етіп табыстаған қызының жылап жүргені күйеу баласының тікелей әсері болса, яғни ол қызына қол жұмсайтын болса мейлі қандай себеп болса да бұл ақталмайтын құбылыс. Онда қайынжұрты күйеу баласын сабаған. Жаман болсын деп емес, есін жисын деп.


Ал қайынжұрты сабаған күйеу бала бұдан кейін мұндай тірлікке, яғни келіншегіне қол көтеруге бармаған.

Өзінің жолдас-жораларынан, ағайын-туысынан «қайынжұрты сабаған күйеу» деген сөзді естіп қалмас үшін қымсынып, қуыстанып, бұдан кейін қайтадан бұндай тірлікке беттемеген.

Бұл да бір қазақтың керемет салты емес пе?!

фото: kyzmet-gazeti.kz

Бір жанұяның ынтымағын жарастырып, қашып бара жатқан берекесін қайтарып, бір шаңырақтың шайқалуының алдын алған сауапты іс қой.

Осы дәстүрді жаңғырту, оның мәні мен мағынасын түсіндіруқазіргі жас отбасыларға, жастарға керек дүние секілді. Өйткені, дәстүрді ұстанбау, оны мойындамау қазіргідей өрескел жағдайлардың туындап жатқанына, көбейгеніне жол ашты емес пе?!

Айналамыздағы адамдарға зер салсақ та, әлеуметтік желілерге үңілсек те жағымсыз жайттар аз емес, өкінішке орай. Ажырасқан отбасылардың көпшілігінде ер адамның әйеліне қол көтеруі, таяққа шыдамаған әйелі балаларын жетектеп, төркінін жағалауы бұрынғы көзқараспен қарасақ, жаға ұстатарлық жағдай. Ал қазір адамдардың еті үйренгендей. Ер адам да әйелге қол көтеруді ар санамайтын дәрежеге жетіп қалды.

Бұл да алған жарын басынғандық, көзге ілмеу емес, қайынжұртын сыйламағандық.

Санасыз адамның жасайтын әрекеттерін есіне түсіре отырып, күйеу баласының орнын көрсетіп беретін, некенің қадірін ұғындыратын осындай дәстүрлер көп болса, ешкім де шектен шығып, тайраңдамайтыны анық.

Ендеше қазіргі қоғамға қажет «Күйеу сабау» дәстүрін жаңғртуды қолға алайық.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Жиендер нағашыларына қандай «ЕРКЕЛІК» жасай алады


ҚҰРАҚ тіл-көзден сақтай ма?