​ҚҰРАҚ тіл-көзден сақтай ма?

0
3 485

«Тіл-көзден аман болсын» деген ырыммен қырық құрақ құрап, жас нәрестені соған ораған.


​ҚҰРАҚ тіл-көзден сақтай ма?

фото: for-teacher.ru

Қолөнер, құрақ құрау, ою-өрнек,

Атты баптап, айып тұрман, қамшы өрмек.

Салт-дәстүрі ешкімге ұқсамаған,

Қазақта қолөнерден кереметті,

Оюлап шығарған сырмақ пен текеметті.

Қандай шебер қазақ қыздары,

Құрақты, оюларды дөңгелетті.

Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол келер ұрпақ тәрбиесінде баланың ой санасына жаңа заман талаптарымен үндесе тарап ақыл-ойды асқарға, қиялды-қияға жетелейтін киелі мұра. Құрақ құрау – бұл нағыз өнер, мата қалдықтарын үнемдеп тігудің ерекше түрі. Бұл құрақ өнері бүкіл елге белгілі өнердің бірі болып табылады.
Қыздың жасауына «басы құралсын, көбейсін» деген ниетпен құрақ көрпелер қосады. Құрақ тіл-көзден сақтайды, жамандықтан қорғайды деген наным бар. Баласы шетіней берген үй «тіл-көзден аман болсын» деген ырыммен қырық құрақ құрап, жас нәрестені соған ораған.

Құрақ өнері арқылы халықтың қолөнерін, салт-дәстүрін дәріптейміз. Құрақ өнері – есте сақтау, жобалау, шамалау, түстер жарасымдылығын жақсы айыра білуге баулиды. Құрақ өнері - өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты, шеберлікті талап етеді. Адамдар молшылықты - дарияға, теңізге, бәйтерекке теңесе, осының барлығы қазақтың қолөнері құрақта көрініс табады.

фото: YouTube

Әжелер киім тіккенде,

Тастамапты қиықты.

Әр алуан қиық түскенде,

Дорбаға салып жиыпты.

Көп киім тігіп біткенде,

Қиыққа дорба толыпты.

Қиықты сәндеп тіккенде,

Құрақ көрпе болыпты- деген өлең жолдарында суреттелгендей, қазақ халқы қыз балаға құрақ құрауды кішкентайынан үйреткен. Құрақ құрау төзімділікке тәрбиелейді, үнемділікке, түстерді үйлестіре білетін әсемдікке үндейді, адамның ой-өрісін кеңейтеді.

Бүгінгі күнге дейін қазақтың осы бір қолөнерінің жалғасын тауып, түрленіп жатқандығы әрине, салт-дәстүрімізге деген құрмет деп білемін.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Сәбидің ЕСІМІН туғаннан соң ҚАЙ КҮНІ қою керек

«Ұйқысы ауысып кеткен» баланы ТАУЫҚҚОРАҒА кіргізіп айналдырады