​Күйеу бала қай кезде ЖАНАЗАға, ҚАБІРге БАРМАЙДЫ

0
26 794

"Күйеу балаға қабір басына баруға болмайды» дегенге көзқарасыңыз қандай?


​Күйеу бала қай кезде ЖАНАЗАға, ҚАБІРге БАРМАЙДЫ

фото: voxpopuli.kz

Жігіттің үш жұрты бар екенін жақсы білеміз. Атап айтсақ, өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты. Осы үш жұрт үшін жігіттің орыны үш түрлі десек, қайын жұртқа тіптен өзгеше. Қалған екі жамағатқа бала ретінде қаралса, мұнда күйеу бала саналады.

Ел арасында «күйеу бала қабірге бармайды, жаназаға келмейді» деген пікір бар. Күйеу баланың қызмет етуде де міндеттері бар, мысалы, той, жиын, ас, өлім болған кезде күйеу бала қазан-ошақ басында отын жарып, от жағу, үлкен самаурынға шәй қайнату, кей өңірлерде ет асу, етті бөлшектеу қызметін атқарады, енді бір өңірде қайын-жұртында өлім болғанда зират басына бармай үйде қалып, кеткендердің орнына жылап тұру міндетін атқарады. Тағы да, күйеу бала қайын-жұртында төрде отырмайды.

Бірақ бұл дәстүр жер-жерде әлі күнге дейін керемет сақталған деп айта алмаймыз. Қазақылықтан алыс кетпеген, әлі де ата-баба дәстүрін берік ұстанған ауылдарда болмаса, көп жерде қатып қалған қағидаға берік адамдарды аз кездестіреміз.

Мысалы менің туып-өскен үйімде күйеу балаға деген сыйластық пен құрмет ерекше. «Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған» деген сөзді жиі айтатын төркін жұртым жезделерімді де, күйеу балаларды да, менің жолдасымды да төріне шығарып, өз ұлдарындай көрді.

Көбінесе күйеу бала төрге шықпайды, етекте отырып, сол әулеттің, қайынжұртының қызметін жасайды деген ұстанымдағы адамдар біздің үйдің салтына таң қалады.

Той-жиындарда да қазан қайнатып, самаурын қойып жатқан күйеу баланы көрмейсіз. Қонақтарды күтіп, сусындарды құйып жүру ғана олардың қызметі.

фото: aikyn.kz


Мүмкін сыйлауға лайықты болғандықтан шығар, «сен күйеу баласың, сенің міндетің қазан-ошақтың маңында жүру» деп ешкім де айтпаған екен.

Ал осыған кереғар пікірді ұстанатын отбасы менің барған жерім. Әрине салт-дәстүрді, ырым-тыйымдарды ұстанған жақсы ғой, бірақ кейде тым қатты беріліп еркіндікке де шектеу қоюға болмайтын шығар.

Жалғыз қайынсіңлімді ұзатып едік, бір жыл болды. Күйеу бала осыған дейін бір-екі рет қана келгені болмаса, әлі де жөнді тани бермейміз. Бірақ мен өз ұямда көргенім бойынша, күйеу бала мен қайынсіңлім үйге қонақ болып келгенде төрге шығарып, барымды беріп күтемін. Сонда енем төрде отырған жерінен төменге түсіріп, күйеу бала төрге шықпау керек деп ескерту айтып, ыңғайсыз жағдайға қалдырғаны бар.

Одан кейін де ағайынның арасында өлім-жітім бола қалса да қайынсіңлім өзі ғана немесе ата-енесімен бірге келіп, күйеу бала кейін, жетісі немесе қырқында бой көрсетіп жатады. Оған да аса мән бермеген екенмін, маңызды шаруалары болған шығар деп түсіндім.

Бірақ жақында әңгіме барысында осы туралы сөз қозғалды. «Күйеу бала қайынжұртындағы жаназаға қатыспайды, жерлеуге, зират басына бармайды» деген ырымды естіп тағы да түсініксіз сезімде қалдым.

Сіз қалай ойлайсыз? Ел арасындағы осындай түсініктің бары рас, ырым етіп ұстанатындар да көп. Бірақ бұл түсінік қаншалықты орынды немесе орынсыз? Өз пікіріңізді айта кетіңіз.

Нұр Әлем,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Түшкіргенде неге «АҚҚАС» деп айтылады?


ПЕРЗЕНТсіз жандар жасайтын ЫРЫМ