​Жоғалған мүлкіңізді «САДАҚА» деуге бола ма?

0
5 552

Бұлай айту қаншалықты ДҰРЫС немесе БҰРЫС?


​Жоғалған мүлкіңізді «САДАҚА» деуге бола ма?

Күнделікті өмірімізде "бірде бір затым немесе ақшам жоғалмады" деп, әлде керісінше "өмірімде бірде бір рет затты немесе ақша тауып алған жоқпын" деп айтатын адам жоқ шығар.

Дүниенің өзі алма-кезек қой.

Егер сіз бір затыңызды жоғалтып алсаңыз, табылмайтынына көзіңіз жетсе, «бәле-жала сонымен кетсін, садақам болсын!» деп айтасыз ба?


БҰЛАЙ айту дұрыс па, бұрыс па?

Шариғат бойынша айтатын болсақ, имамдардың пікірінше бұл әрине дұрыс емес. Адам қолында бар мүлікті (ақша, алтын, қымбат дүние-мүлік) ғана садақа есебінде атай алады. Ал, ол өз қателігіңізден жоғалса немесе ұрланса оны «садақа» деуге болмайды. Солай атасаңыз да сауабы болмайды дейді.

Ал, ежелден дін мен дәстүрді қатар ұстанып келе жатқан ата-бабаларымыз, әжелеріміздің ұстанғаны дұрыс емес пе сонда?

Жоғалған затының оңай табыла қоятынына көзі жетпеген адамның қай-қайсысы болса да күдерін үзген шақта, «бәле-жала сонымен кетсін!», «садақа!» деп жатады. Алайда адамдардың пікірі осы тұста екіге бөлінеді.

Бірі «Жоқ нәрсені адам қалай садақа етеді? Бар кезінде қиып, садақа етіп бермеген соң, ол садақа болып есептелмейді» десе, енді бірі «Жоқ нәрсе емес! «Садақа» деп айту өте дұрыс нәрсе дейді.

Өйткені, ұрланған, жоғалған нәрсе бір адамның қолында ғой. Мейлі, ол адам тауып алса да, ұрлап алса да біреудің мүлкі ол адамға бақыт әкелмейді. Жүрегінен жібермеген адамның, яғни қимастығы болған адамның ниеті екінші тарапқа тек ауру мен қиындық әкелуі мүмкін. Яғни, бұл жерде разылық жоқ. Сондықтан, ол адамға да, өзіңе де ауыр болмас үшін «садақа» деп айту дұрыс.

Неше ғасыр бойы ата-бабамыз дұрыс өмір сүрген шығар, «садақам болсын», «өзімен кетсін» деген сөздер ғасырлар бойы айтылып келе жатыр. Бір жағынан, жоғалған зат уақытында берілмеген садақаның өтеуі дейді. Сондықтан, мұндай жағдай болмасын десеңіз, яғни мүлкім жоғалмасын, ұрланбасын десеңіз, мүмкіндігіңіз болғанда өз еркіңізбен мұқтаж жанға көмек көрсетіп, садақа беріп тұрыңыз. Өйткені, садақа бұл пәниде де, ақыретте де пайдасын береді.

фото: twitter.com


Садақа берудің осы дүниеде 5 пайдасы бар.

1. Мал-дүниені тазартады;

2. Күнәларды өшіреді: «Су отты сөндіргендей садақа да күнәларды өшіреді» (Тирмизи); «Садақа тәкәппарлықты жояды» (Тирмизи);

3. Ауру мен апаттан сақтайды: «Науқастарыңды садақамен емдеңдер. Садақа әрбір ауруды және бәлекетті қайтарады» (Бәйхақи риуаяты);

«Садақа беруде асығыңыздар. Өйткені апат садақадан оза алмайды» (Табарани, Бәйхақи);

4. Мұқтаж жанды қуантады;

5. Ризықты арттырып, табысқа берекесін береді;

«Садақа бергеннің ризығы артып, дұғасы қабыл болады» (Ибн Мәжа);

«Аз да болса садақа беріңдер. Ақшасын тығып бермегенге, Алла да нығметін азайтады» (Муслим).


Садақаның ақыреттегі 5 пайдасы:

1. Қияметтің үрейінен сақтап, көлеңке болады: «Садақа қабір азабынан сақтайды. Қияметте иесін өз қамқорына алады» (Бәйхақи)

2. Тозақтан құтқарады: «Жарты құрма болса да садақа беріп, тозақтан сақтаныңдар»

3. Таразыда сауабы басым болады;

4. Сырат көпірінен өтуі оңай болмақ;

5. Дүниесінің есебін беруде жеңіл болмақ.


Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ТЫРНАҚ КЕМІРУ жаман әдет қана емес, жаман ырым

Шайды ҚАЙЫРЫП ҚҰЮдың мәні неде?