Аурудың қай түріне болсын диетаның тигізер пайдасы мол. Диета арқылы сіз денсаулығыңызды нығайтып, жараның тез жазылуына көмектесесіз. Сол секілді асқазанында жарасы бар жандар күнделікті емдәм ұстанса, зиянды тағамдардан бойын аулақ ұстаса ауруды жеңе алады. Асқазан жарасы мен он екі елі ішек ауруларына арналған диетаның да өзіндік қағидалары бар. Міне, осындай қағидаларды орындап, сақатағанда ғана сіз асқазан жарасынан құтыла аласыз. Ендеше, кеңестерге құлақ түріңіз!
фото: micrazim.by
Аурудың қай түріне болсын диетаның тигізер пайдасы мол. Диета арқылы сіз денсаулығыңызды нығайтып, жараның тез жазылуына көмектесесіз. Сол секілді асқазанында жарасы бар жандар күнделікті емдәм ұстанса, зиянды тағамдардан бойын аулақ ұстаса ауруды жеңе алады. Асқазан жарасы мен он екі елі ішек ауруларына арналған диетаның да өзіндік қағидалары бар. Міне, осындай қағидаларды орындап, сақатағанда ғана сіз асқазан жарасынан құтыла аласыз. Ендеше, кеңестерге құлақ түріңіз!
- Тағамдарды міндетті түрде буда пісіріп, қайнатып жеңіз;
- Ас тұзын өте аз мөлшерде салуға болады;
- Ет пен балықтың майсыз, жеңіл сұрыптарын аз-аздан жеңіз;
- Ұйқыға жатарда сүт ішіп жатқан жөн;
- Тамақтану рационынан тым ыстық не тым салқын тағамдар мен сусындарды алып тастаңыз;
- Күніне 5-6 рет тамақтану шарт;
- Тәулігіне тұтынатын тағам құнарлылығы 2800-3000-нан аспағаны дұрыс.
Бұл диетада мына тағамдарды ішуге болады:
- Какао немесе қою емес шайға сүт немесе азырақ кілегей салып ішу ұсынылады;
- Қытырлақ печенье, ақ түсті кептірілген нан, бір-екі күндік нанды да жеуге болады;
- Қышқылдылығы аз қаймақ пен простоквашаны, сүт, кілегей, үккіштен өткізілген сүзбені жей беріңіз;
- Буға пісірілген омлеттерге екі дана жұмыртқа қосып пісіруге рұқсат етілген.
- Сәбіз, гүлді қырыққабат, қызылша, картоп, кәді және асқабақ секілді көкөністерді үккіштен өткізіп немесе қайнатып жеуге болады. Сонымен қатар, аз мөлшерде жасыл бұршақты жей аласыз;
- Жидектер мен тәтті жемістерді пісірме ретінде дайындап жеген дұрыс. Болмаса компот, мусс, желе, кисель мен шырындар жасасаңыз да артықтық етпейді;
- Күріштен, ұнтақ жармадан, сұлы мен қарақұмықтан ботқа дайындап жеу үшін, барлығын үккіштен өткізеді немесе майдалап ұнтақтайды.
- Майсыз еттен: қоян, сиыр, бұзау, күркетауық және тауық еттерін пайдаланыңыз;
- Ал, тіскебасар ретінде қанйталыған көкөністерден дайындалған салаттарды, балық пен етті, тәтті ірімшікті жеу ұсынылады.
Тамақтану рационына кірмейтін тағамдар:
- Өте ащы балық не ет қайнатпасы;
- Майлы еттер;
- Саңырауқұлақтар;
- Балық пен ет консервілері, маринадталған, қақталған, тұздалған түрлері де мүлде тамақтану рационына кірмеуі қажет;
- Қара нан, пирог, тәтті қамыр;
- Шоколад пен балмұздақ;
- Газдалған сусындар, қара кофе, квас;
- Қырыққабат, қияр, пияз, шалғам, тұрып, саумалдық және т.б. көкөністерден дайындалған консервілерді жемеген дұрыс.
Асқазан жарасына арналған диетаны екіге бөлуге болады: үккіштен өткізілген және өткізілмеген тағамдардан диета. Жалпы бұл екі диетаның құрамы ұқсас болғанмен, бірінде кейбір жемістерді бүтіндей жеуге рұқсат етілсе, екінші түрінде тағамдарды ұнтақтап, езіп, үгітіп жеуге тура келеді. Сондықтан да диетаны ұстанбас бұрын дәрігер диетологпен кеңесіп, ауруыңыздың ауыр не жеңіл түріне жататынын анықтап алыңыз. Содан соң төмендегі екі емдәмнің біріне тоқталасыз.
Үгітілген тағамдардан диета
Таңғы ас: Сүт қатылған шай, ұнтақталған күріш ботқасы, шала пісірілген жұмыртқа.
Екінші таңғы ас: Алма мен қант қосылған пісірме.
Түскі ас: Ұнтақталған сұлы мен сүттен сорпа, буға піскен ет пен сәбіз, жемістерден дайындалған мусс.
Түстен кейінгі ас: Кептірілген нан, итмұрын қайнатпасы.
Кешкі ас: Сүттен жасалған соусқа бұқтырылған балық, сүт қатылған шай, картоп езбесі.
Ұйқыға жатарда сүт ішуге болады.
Үгітілмеген тағамдар диетасы
Таңғы ас: Қарақұмық ботқасы, шала піскен жұмыртқа мен сүт қатылған шай.
Екінші таңғы ас: итмұрын қайнатпасы, балғын творог.
Түскі ас: Қайнатылған ет пен сәбіз, вегатериандық картоп қосылған сорпа, кептірілген жемістерден қайнатылған компот.
Түстен кейінгі ас: Кептірілген нан және жармалардан дайындалған қант қосылған қайнатпа.
Кешкі ас: Сүттен жасалған соуспен балық пісірмесі, сүт қатылған шай, сәбіз бен алмадан орама. Ұйқыға жатарда сүт ішіңіз.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ERNUR.KZ