ДИЕТАЛЫҚ ТАҒАМ: тәтті алмұртты пеште пісіріп жеңіз

0
216

Алмұртты жақсы көрмейтін болсаңыз, дәл осылай пісіріп жеңіз!


ДИЕТАЛЫҚ ТАҒАМ: тәтті алмұртты пеште пісіріп жеңіз


Қажетті қоспалар:

  • 2 дана алмұрт
  • 100 гр. грек жаңғағы
  • 80 гр. бал
  • 1 ас қасық лимон шырыны
  • Жарты шай қасық даршын


Дайындалу тәсілі:

  1. Алмұрт тәттісіне грек жаңғағы қосылатындықтан, алдымен оны ұнтақтап алу керек. Ал, тұтастай жаңғақ болса оны бір шетке қоя тұрыңыз. Грек жаңғағынан басқа фундук, пекан және қарағай жаңғағын қосуға болады.
  2. Алмұрттарды тазалап жуып, ортасынан бөліңіз. Сосын дәндерін алып тастап, бетіне лимон шырынын себіңіз. Сонда алмұрт қараймайтын болады.
  3. Әрбір алмұртқа грек жаңғағының 2 данасынан қойып шығыңыз. Оның үстіне бал салып, даршын дәмдеуішін себелеп, ұнтақталған жаңғақты шашсаңыз болғаны.
  4. Осылайша дайындалған алмұртты 180 градусқа қыздырылған пешке салып, 25-30 минут пісіресіз.
  5. Осы уақыт аралығында алмұрт толықтай пісіп, жаңғақтар әдемі түске енуі керек.
  6. Дайын десертті жалбызбен әсемдеп, ыстықтай жей беруге болады.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

ЖАЗДЫҚ СУСЫН: ДТ мохито мәзірі