Қыс мезгіліне арналған 2 түрлі диета мәзірі

0
162

Қыста диета ұстай аласыз ба?


Қыс мезгіліне арналған 2 түрлі диета мәзірі


Қыс арықтауға қолайсыз мезгілдердің бірі. Себебі күннің суығынан ағза бізден калорияны талап етеді. Тоя тамақтанып, уақыты ас ішетін болсақ, қарнымыз да ашпайды әрі жаурамаймыз. Бұны барлық қыз-келіншектер жақсы біледі. Бірақ арықтау керек болса, мезгілге қарамаймыз. Қыс болсын, жаз болсын артық салмақтан арылу уақыт таңдамайды. Сондықтан да мезгілді сылтауратпай арықтауға кірісіңіз.

Алдымызда Жаңа жыл мейрамы келе жатыр. Жаңа жылға дейін 1 айдан астам уақыт бар. Ендеше 4-5 келіден арылуға мүмкіндік бар екен. Кез келген салмақ жоғалтудың кілті - дұрыс тамақтану. Бүгін біз сіздерге қысқы салмақ жоғалтудың екі теңдестірілген мәзірін ұсынамыз.


№1 мәзір

Таңғы ас: бір пісірілген жұмыртқа, бір тілім қара бидай наны, жасыл салат жапырақтары, бір болгар бұрышы, сүтсіз және қантсыз кофе немесе шай.

Тіскебасар тағамдар: жарты грейпфрут, 20 грамм грек жаңғағы.

Түскі ас: 100 грамм қайнатылған қарақұмық, 100 грамм майсыз ет, 150 грамм салат жапырақтары мен бір ас қасық зәйтүн майы, 100 грамм буға пісірілген брокколи мен гүлді қырыққабат.

Тіскебасар: жарты стақан жидектерден жасалған смузи.

Кешкі ас: теңіз балығы мен буға пісірілген көкөністердің бір бөлігі, бір қара бидай наны, аскөк.


№2 мәзір

Таңғы ас: бір үгітілген алма мен даршын қосылған немесе мұздатылған жидек қосылған суға піскен 150 грамм сұлы жармасы, қантсыз және сүтсіз шай немесе кафе.

Тіскебасар: туралған екі сәбіз.

Түскі ас: Көкөніс сорпасы, қайнатылған тауықтың немесе күркетауықтың кішкене бөлігі.

Тіскебасар: жарты стақан кез-келген жидек.

Кешкі ас: аздап буға пісірілген лосось балығы, бір қасық өсімдік майы қосылған 150 грамм жылы көкөністер (сәбіз, брокколи, гүлді қырыққабат). Егер сіз тәттілерсіз өмірді елестете алмасаңыз, таңертең кішкене қара шоколад қосуға болады


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

14 күнде артық салмақтан арылтатын СУПЕР диета