Арықтаудың амалын таппай жүрсіз бе? Ішекке арналған бұл суперскраб сізге міндетті түрде көмектеседі.
фото: devoe.ru
Бір ай бойы таңғы асқа өте пайдалы ботқаны жеңіз. Бұл ботқа сұлы жармасынан жасалады. Ал, бір айдан соң айна алдына барсаңыз өзіңізді танымай қалатыныңыз сөзсіз.
Тек дене-бітіміңіз ғана өзгеріп қоймай, бет терісі нәрленіп, шаш пен тырнақ қатая түседі. Яғни, сұлы жармасынан дайындалатын ботқаның пайдасы өте мол.
фото: moyafigura.comҚажетті өнімдер:
- 5 ас қасық сұлы жармасы
- 5 дана жаңғақ.
- 5 ас қасық су
- 1 ас қасық сүт
- 1 шай қасық бал
Дайындалуы:
- Бес ас қасық сұлы жармасын табаққа салып, оған 5 ас қасық салқындатылған қайнаған су құйыңыз.
- Осыдан кейін үш сағатқа дейін ештеңе ішпейсіз. Тіпті, суды да ішу ұсынылмайды.
- Таңертең ісінген сұлыға 1 ас қасық сүт пен 1 шай қасық бал қосасыз. Сүттің орнына 1 ас қасық кілегей қосуға да болады. Сонымен бірге 5 тал грек жаңғағын саласыз.
- Барлығын жақсылап араластырып, жей беруге болады. Ботқаны әдеттегіден көбірек шайнап жеген пайдалы.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,