Диета кезінде тәбетті ашатын тағамдар мен дәмдеуіштерден бас тарту маңызды.
Қазіргі таңда артық салмақ пен семіздік көкптеген елдердегі басты мәселелердің біріне айналған. Нутрициологтардың айтуынша артық салмақтың пайда болуына әкелетін негізгі фактор - ағзаның тағамнан энергия алуы мен оны жұмсау арасындағы сәйкессіздік болып отыр. Егер жұмсаған энергиядан тұтынған тағам көп болатын болса, семіру процесі орын алатыны сөзсіз. Сондықтан да семірмеудің амалын жасау үшін қимыл-қозғалысты арттырып, белсенді болған дұрыс.
Артық салмақтан арылуға арналған диета артық салмақ пен семіздікпен күресудің негізгі құралы. Бүгінгі таңда интернеттен, кітаптардан немесе телешоулардан білуге болатын көптеген диеталық нұсқалар бар.
Дегенмен, бұл сәнді диеталардың көпшілігі тез салмақ жоғалтуға мүмкіндік береді, бірақ сонымен бірге олар сіздің денсаулығыңызға зиянын тигізеді, сонымен қатар әдеттегі диетаға оралғаннан кейін барлық жоғалған килограмдарды қайтадан қосып аласыз. Осындай жағдайды басыңыздан өткізгіңіз келмесе, яғни, жоғалған салмақтың қайтқанын қаламасаңыз, арнайы диетаны ұстағаныңыз мақұл.
Бұл диетаның негізгі принциптері:
Семіздік пен артық салмақ мәселесін шешу екі кезеңді қамтиды: белсенді салмақ жоғалту және қол жеткізілген нәтижені ұзақ уақыт сақтау. Диетаны сақтаудан басқа, тұрақты физикалық белсенділікке уақыт бөлу, сондай-ақ тамақтану тәртібін өзгерту қажет. Сондай-ақ, белгілі бір тағамдардан уақытша бас тартудың орнына тамақтану әдеттерін біртіндеп және ұзақ мерзімге өзгерту.
Салмақты жоғалтуға арналған диета негізгі қоректік заттардың (белоктар, майлар, көмірсулар) мөлшерін дененің физиологиялық қажеттіліктері деңгейінде сақтай отырып, диетаның жалпы калориялық мазмұнын азайтуға негізделген. Арнайы диеталық терапияны қажет ететін ас қорыту, қан айналымы және басқа жүйелерден асқынулар болған кезде аталмыш диетаға әуестік танытпаған дұрыс.
Мұндай емдік тамақтанудың мақсаты:
- бұзылған метаболизмді қалыпқа келтіру;
- май тінінің артық жиналуын болдырмау;
- салмақ жоғалту.
Артық салмақтан арылуға арналған бұл диета ақуыздың физиологиялық нормасын сақтай отырып, көмірсулардың (әсіресе тез сіңетіні) және тұздың мөлшерін азайтуды және өсімдік талшығының көлемін арттыруды қамтиды.
Диета кезінде тағамды аз-аздан 5-6 рет ішкен абзал. Тағамдарды – бұқтыру, пісіру, қайнату әдістерімен дайындайсыз. Тәулігіне қолданылатын тұздың мөлшері 3-5 грамнан аспауы керек. Тәбетті ашатын тағамдар мен дәмдеуіштерден бас тарту ұсынылады. Бұл диетаны ұстанған кезде алкоголь толығымен алынып тасталады.
Бұл емдік диетаның үш нұсқасы бар:
№ 1. Калория мөлшері - 1600-1800 ккал, ақуыз - 100-110 г, май - 80-90 г, көмірсулар - 120-150 г.
№2. Калория мөлшері - 1100-1290 ккал, ақуыз - 70-80 г, май - 60-70 г, көмірсулар - 70-80 г.
№3. Калория мөлшері - 650-850 ккал, ақуыз - 40-50 г, май - 30-40 г, көмірсулар - 50-70 г.
Ауыр семіздік жағдайында калорияны тұтынуды есептелген деңгейден 40-50% азайтуға рұқсат етіледі. Мұндай диеталық терапия тек ауруханада дәрігерлердің бақылауымен жүзеге асырылады.
Салмақты жоғалтуға арналған диета кезінде ұсынылатын тағамдар мен сусындар:
- майсыз ет (құс, қоян, сиыр еті);
- майсыз балық, теңіз өнімдері;
- майсыз сүт, ашытылған сүт өнімдері, сүзбе, табиғи йогурт;
- қара бидай наны, кебек (100-150 г);
- сорпалар (көкөніс, сүт, жеміс, аптасына 1-2 рет ет сорпасы);
- көкөністер, жемістер мен жидектер (мүмкіндігінше шикі);
- картоп, сәбіз, қызылша (шектелген мөлшерде);
- жұмыртқа (тәулігіне 1 данадан көп емес);
- калориясыз тәттілендіргіштер;
- шөп шайы, итмұрын қайнатпасы.
Диета кезінде бірінші сұрыпты ұннан, майлы ет пен балықтан, консервілерден, шұжықтардан, майлы ірімшіктерден, ыстық соустардан, майонезден, күріштен, жармадан, сұлы жармасынан, макароннан, кондитерлік өнімдерден және бал жқосылған өнімдерді алып тастағаныңыз дұрыс.
Егер осы айтылған ережелерді сақтай отырып, диета ұстайтын болсаңыз, аз күнде нәтижесін көресіз. Алайда салмақ жоғалтуға арналған бұл диетаны ұстау оңай емес. Табанды әрі шын қалаған адам ғана мақсатына жете алады.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Сымбатыңыз бен ағзаңызға сай келетін диетаны таңдап алуға болады