​Сымбатыңыз бен ағзаңызға сай келетін диетаны таңдап алуға болады

0
985

Салмақ жоғалту кезінде әлсіздік, бас айналу немесе көңіл-күйдің төмендеуі байқалса...


​Сымбатыңыз бен ағзаңызға сай келетін диетаны таңдап алуға болады


Семіздікке бейім, томпақ қыз-келіншектердің арманы мінсіз сымбатқа ие болу. Тіпті, мінсіз дейтініміз артықтау шығар, дегенмен артық салмағы жоқ, фигурасы келіскен нәзік жанға айналғысы келетіні жасырын емес. Бірақ мұндай арман-мақсатқа қол жеткізу оңай емес. Мамандардың пікірінше, бұл ретте диетаны дұрыс таңдау да үлкен рөл ойнайды екен.

Диетологтардың жемісті жұмысына және салмақ жоғалту әдістерінің үлкен таңдауына қарамастан, артық салмақ мәселесі ең актуалды мәселелердің бірі болып қала бермек. Себебі пайдаланылған диетаның көпшілігі ас мәзірін дұрыс таңдамаумен байланысты. Өзіңіз үшін қолайлы диетаны таңдау процесінде нәтиже шынымен жоғары сапалы болуы үшін көптеген факторларды ескеру қажет.


Дене-бітіміңіз бен ағзаңызға дұрыс келетін диетаны таңдау үшін не нәрсеге назар аудару керек?

1. Алдымен денсаулыққа мән беріңіз. Егер сізде эндокриндік аурулар немесе гормоналды бұзылулар болса, шектеулі диета салмақ жоғалтуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар сіздің денсаулығыңызға зиян тигізеді. Артық салмақтан арылу және диетаны таңдаған кезде оның негізгі ауруларға да зияны тимеуі керек. Яғни, диета ұстаймын деп басқа ауруларды өршітіп алуыңыз ғажап емес.

2. Диетаны таңдағанда оның тепе-теңдігіне назар аударыңыз. Күнделікті мәзірде ағзаға қажетті барлық қоректік заттар, минералдар мен витаминдер болуы керек. Ақуыздар, майлар және көмірсулар ағзаның қалыпты жұмыс істеуі үшін негізгі компоненттер болып табылады. Олардың болмауы метаболикалық процестердің елеулі бұзылуына әкелуі мүмкін.

3. Өмір сүру дағдыларыңызды ой елегінен өткізіңіз. Мүмкін, диетаны таңдау және тамақтануды шектеу арқылы сіз артық салмақ мәселесін шеше алмайтын шығарсыз. Өйткені сіз күні бойы бір орында отырып жұмыс істейсіз, қимыл-қозғалыс жоқ. Керісінше, тым белсенділік танытып, кейбір энергияға бай тағамдарды диетадан алып тастау арқылы сіз денеңізді қуат көзінен айырасыз және бұл сіздің жалпы денсаулығыңызға әсер етеді. Міне, осы жағына да көңіл аударған дұрыс.

4. Диетаға отыруға итермелеген жағдайларға назар аударыңыз. Егер сіз өткінші қызығушылықтың әсерінен бірнеше килограмм жоғалтуды ойласаңыз, сіздің әрекеттеріңіз бекер болады. Уақытша қызығушылықтың әсері ұзаққа бармайды. Сондықтан да екі күннен кейін қатал диетаны бұзып, бұрынғыша тамақтанатын болсаңыз, салмақтың одан да тез өсуіне әкелуі мүмкін.


Диетаның түрі көп


Дұрыс тамақтану принциптеріне негізделген диеталар бар. Бұл диетаның тамаша нұсқасы. Жалғыз кемшілігі - сіз бір аптадан кейін нәтижені көре алмайсыз. Мұндай диетаны ұзақ уақыт ұстану арқылы ғана салмақ біртіндеп жоғалады. Дұрыс тамақтану рационнан тым майлы тағамдарды, фастфудтарды, құрамында консерванттар мен химиялық заттар бар тағамдарды алып тастауды білдіреді. Диетада ақуыздар, майлар, көмірсулар және өсімдік талшықтары бар болса, тамақтанудың бұл түрі барлық адамдарға жарамды және ешқандай қарсы көрсетілімдерге ие емес, бұл диетаны таңдау кезінде ескерілуі керек.

Төмен көмірсулар диетасының принципі артық мөлшерде дененің май қатпарына айналатын көмірсулардың тұтынылуын шектеу болып табылады. Көмірсулардың жетіспеушілігін сезінген дене өзінің май қорын пайдалана бастайды. Ақыл-ой белсенділігімен немесе физикалық белсенділікпен айналысатын болсаңыз, мұндай диетаны таңдауға болмайды. Ұйқының бұзылуынан зардап шегетін адамдар үшін мұндай диета жағдайды нашарлатады. Сондай-ақ, егер сіз депрессияға бейім болсаңыз және көңіл-күйдің жиі өзгеруіне бейім болсаңыз, мұндай диетаны таңдауда ойланғаныңыз жөн болады.

Тамақтану мәзірінен майлы тағамдарды алып тастауға негізделген диеталар тез нәтиже көргісі келетін адамдарға жарамайды. Сонымен қатар, дене метаболикалық процестер үшін маңызды болып табылатын майларды өздігінен шығара алмайды, сондықтан мұндай диетаны ұзақ уақыт ұстанудың қажеті жоқ.

Бір өнімді тұтынудан тұратын монодиеталар, мысалы, тек қарақұмық немесе айраннан құралған диеталар асқазан-ішек жолдарының ауруларына шалдыққан жандарға зиянды болуы мүмкін. Қауіпті деп айтуға да болады, өйткені олар ағзаға витамин тапшылығы, гастрит, метаболикалық бұзылулар және басқа аурулар түрінде зиян келтіруі мүмкін. Олар бірнеше килограмды тез жоғалтуға жақсы мүмкіндік, алайда диетаны таңдағанда жоғарыда айтқандарды есте сақтаған жөн.

Төмен калориялы диеталар көмірсулардың мөлшерін азайтуға негізделген. Салмақты жоғалтудың мұндай әдістері денеге зиянды әсер етеді, өнімділікті төмендетеді, ас қорыту жүйесінің ауруларын тудырады және денеге стресс тудырады. Мұндай диеталарды созылмалы аурулары бар адамдарға ұстауға болмайды.


Таңдалған диета сізге сәйкес келетінін қайдан білесіз?

Егер диета ұстағаннан кейін бойыңызда мынадай өзгерістер болмаса, онда емдәмді әрі қарай жалғастыра беруіңізге болады. Мәселен:

  • Салмақ жоғалту кезінде әлсіздік, бас айналу немесе көңіл-күйдің төмендеуі байқалмаса;
  • Сізді аштық сезімі мазаламай, ақыл-ой белсенділігінің, ойлаудың және есте сақтаудың төмендеуі болмаса, онда таңдалған диета сізге сәйкес келеді және нәтиже көп күттірмейді.

Осындай дүниелерге назар аударып, диета таңдауда жаңылыспайтын болсаңыз, артық салмақтан арылатыныңыз сөзсіз!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Аз күнде көп салмақ тастауға көмектесетін ДИЕТА