​Аяқты СЫМБАТТЫ ЕТЕТІН жаттығу

0
3 342

Төменде ұсынылған жаттығулар аяқтың бұлшықетін жаттықтырып, шымыр әрі нәзік етуге септігін тигізеді.


​Аяқты СЫМБАТТЫ ЕТЕТІН жаттығу

фото: nvkz-tub.ru

Аяқтың саулығына буынның саулығы тікелей әсер етеді. Яғни буын ешқандай ауырпашылықты, жайсыздықты сезінбесе, онда аяғыңыздың саулығы үшін алаңдамасаңыз да болады.

Ендеше, біздің емін-еркін қозғалысымызға жауап беретін аяғымыздың саулығын сақтау үшін ұдайы жаттығу жасап жүрейік.

Төменде ұсынылған жаттығулар аяқтың бұлшықетін жаттықтырып, шымыр әрі нәзік етуге септігін тигізеді.


Аяғымызды сұлулық сыйлайтын жаттығуды бірге жасайық:

1. Аяғыңыздың арасын ашасыз. Иығыңыздың тұсында тұрғанын байқаңыз. Қолыңызға гантель ұстап, шынтағыңызды бүкпей отырасыз. Арқаңыз бен беліңіздің де тік тұрғанын қадағалаңыз.

Мүмкіндігінше жерге жақын отыруға тырысыңыз. Бірнеше секунд отырыңыз. Сосын орныңыздан асықпай тұрасыз. бұл жаттығуды бірнеше рет қайталауға болады.

2. Тіке тұрып, аяғыңыздың арасын ашыңыз. Ішіңізді барынша тартып, оң аяғыңызды артқа жібересіз. Осы қалыпта отырыңыз. Отырған күйде оң аяғыңызды жоғары көтеріп, ары-бері сермеңіз. Бастапқы қалыпқа ораласыз. Жаттығуды 10-15 рет қайталау керек. Сосын екінші аяққа ауысамыз.

фото: de-fragrance.ru


3. Тік тұрып, қолыңызды алға қарай созасыз. Оң аяғыңызды жоғары көтеріңіз. Бұл кезде арқаңыз түзу болу керек. Аяғыңызды көтерген бойда бірнеше секунд тұрасыз. Сосын қалыпты жағдайға келіңіз. Ұсынылған жаттығуды екі аяққа кезектестіріп, 10-15 рет қайталаңыз.

4. Айнаның алдына барып, бір қырыңызбен тұрыңыз. Денеңізді тік ұстаңыз. Бөксені ішке қарай тартып, аяқты алға шығарасыз. Осы қалыпта бірнеше секунд тұрыңыз.

5. Қатты жерге отырып, өкшеңізді еденге тірейсіз. Тізені түзу ұстап, аяғыңызды тізеге қарай жақындатасыз. Жаттығу барысында өкше көтеріліп кетсе, тізе буынын тексеру керек.

Аяққа жасалатын жаттығу көп уақыт алмайды. бірақ нәтижесі мен маңызы өте зор.


Дереккөз: bagiraclub.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖАЛАҢ АЯҚ жүрудің қандай ПАЙДАСЫ бар?


ӨКПЕНІҢ жұмысын ЖАҚСАРТАТЫН жаттығу