Бұл жайында осы күнге дейін ешкім білмеген. Сондықтан да оқығанда таңқаларыңыз анық.
фото: live-moon.org
Фитнестің денсаулыққа пайдалы екенін білмейтіндер жоқ шығар. Фитнес-жаттығулар жүрек-қан тамырлар жүйесінің жұмысын жақсартып, бұлшықеттерді нығайтады, артық салмақтан арылтады. Бірақ, жаңа зерттеулер фитнестің бұдан да басқа пайдасы бар екенін көрсеткен. Бұл жайында осы күнге дейін ешкім білмеген. Сондықтан да оқығанда таңқаларыңыз анық.
Фитнес жаттығулары есту қабілетін жақсартады
фото: pnzreg.ru
Майами университетінде жүргізілген зерттеу барысында фитнестің аз уақыт ішінде есту қабілетін жақсартатыны анықталған. Тағы бір зерттеуде бір орында отырып жұмыс істейтіндердің есту қабілеті нашарлайтыны көрсетіліпті. Ең маңыздысы, әуенді барынша қатты қойып құлаққаппен тыңдайтындардың есту жүйесі бұлайша нашарламайды екен. Ал, қимыл-қозғалысы аз, үнемі компьютер алдында отырып жұмыс жасайтындар күн сайын есту қабілетінің нашарлап жатқанын ұмытпағандары жөн. Яғни, мұндай жандарға фитнес-жаттығулармен айналысқан дұрыс.
Шығармашылық қабілетіңіз артады
Род-Айленд колледжінде жасалған жаңа зерттеу бойынша аэробикалық жаттығулар шығармашылық қабілетке жауапты ми жасушаларының белсенді жұмыс істеуіне септігін тигізеді екен. Жаттығудан соң бірнеше сағат бойы адамның шығармашылыққа жақын болатыны дәлелденген. Егер шабыт шақырғыңыз келсе, жүгіріңіз немесе жүзуге жазылыңыз. Тенниспен айналысуға да болады. Бірақ та қатты шаршап, денеге барынша ауырлық түсірмеңіз.
Махаббатыңыз ашыла түседі
фото: img.fonwall.ru
Фитнес – сіздің сексуалды өміріңізді жақсартады. 18 бен 49 жас аралығындағы 8000-дай қыз-келіншектер қатысқан зерттеуде аптасына 3 рет фитнеспен айналысудың нәтижесінде олардың төсек қатынасына деген құштарлығы 40 пайызға дейін артқан. Ал, 31 пайызы төсек қатынасына жиі түсе бастаған, 25 пайызы ләззат алудың жеңілдей түскенін айтқан. Мұндай зерттеу ерлер арасында да жүргізіліп, оң нәтиже көрсетіпті.
Жаман әдеттен арылуға көмектеседі
Егер сіз шылым шегуді қойғыңыз келсе, фитнес мықты көмекші бола алады. Темекі шегуді өмірінің бір қызығына айналдырған 281 әйел қатысқан зерттеуде үнемі жаттығумен айналысқандар белсенді өмір сүруді ұстанбағандарға қарағанда шылым шегуді өз еркімен әрі оңай тастай алған.
Ұйқыңыз тыныш болады
Фитнес – тыныш ұйқы кепілі. Күндізгі қимыл-қозғалыс, жаттығулар түнгі ұйқыға айтарлықтай әсер етеді. Сол себепті де ұйқысыздықтан зардап шегіп жүргендерге фитнеспен шұғылдану ұсынылады. Калифорния университеттерінің бірінде жасалған зерттеулер, тіпті, кешкі жаттығулардың да тыныш ұйқыға әсері барын анықтаған.
Ішек жұмыстары жақсарады
фото: 1podietam.ru
Көбіне іш қатудан бір орында отырып жұмыс істейтін зардап шегеді. Ал, белсенді өмір сүруді қолға алғандарда мұндай мәселе туындамайды екен. Мұны Австралиялық зерттеулер анықтаған. Өйткені фитнеспен айналысатындардың көпшілігі тек жаттығу жасап қана қоймай, дұрыс тамақтануды да қолға алады. Соның әсерінен ішек жұмысы ойдағыдай болып, іш қату мазаламайды.
Ұйымдастырушылық қабілетіңіз арта түседі
Фитнесті хоббиі санайтындар өздерін тәрбиелеп отыратын көрінеді. Нью-Йорк қаласында жүргізілген зерттеуде үнемі фитнеспен шұғылданатындар қызметте табысты, керемет мансапқа жетуші, ұйымдастырушылық қабілеті басым, энергиясы мол жандар екені анықталыпты.
Қ.Әти,