Өзіңізді керемет әйел сезініңіз...
Қант диабетімен ауыратын жандарда ағзаның барлық жүйесі зақымданады. Әсіресе, ең ауыр асқыну табанға беріледі. Асқынуды болдырмау үшін алдын-ала жасалатын арнайы жаттығулар бар. Ол үшін күнделікті 15 минут уақыт бөліп отыру жеткілікті.
Бұл жаттығулар аяқтағы қан айналымды жақсартады. Алайда қан айналымында айтарлықтай бұзылысы бар жандарға (мысалы, гангрена немесе жай тұрғанда ауырсыну болса) жасауға болмайды. Қандай жағдайда да жаттығуды бастамас бұрын ең алдымен дәрігердің кеңесін алу ұсынылады.
Бастапқы қалып барлық жаттығулар үшін бірдей: өзіңізге ыңғайлы жерге орындыққа отырып алыңыз, арқаңызды тіреп, тік ұстаңыз. Әр жаттығуды 10 реттен күнделікті жасаңыз.
- Орындыққа түзу отырып, оң аяқты орнынан сәл көтереміз. Арқаны мейлінше тік ұстап отыру үшін аяқты ақырындап қана көтерген ыңғайлы. Осы қалыпта 5-10 секунд жасасаңыз жеткілікті. Одан әрі сол аяқпен қайталау керек. Жаттығуды барынша дұрыс жасау үшін екі алақаныңызды саныңызға қойыңыз. Екі аяқпен кезек-кезек 10-15 рет қайталасаңыз болады.
- Өзіңізді бұтаққа қонғысы келген құс сияқты сезініңіз. Аяғыңыздың саусақтарын бүгіп, қайта жазыңыз.
- Өкшені көтеріп, айналдырыңыз. Сол аяқтың өкшесін сағат тіліне кері айналдыру керек, ал оң аяқты сағат тілімен айналдырасыз.
- Бұл жолы аяқтың ұшын көтеріп, айналдырыңыз. Сол аяқтың ұшын сағат тіліне қарай, ал оң аяқтың ұшын сағат тілімен айналдырасыз.
- Еденге газет төсеп оны аяқпен жинап, шар жасаңыз. Кейін сол шарды қайта жазып, бстапқы қалпына келтіруге тырысыңыз. Аяқпен жыртып тастасаңыз да болады.
- Оң қолыңыздың саусағы мен сол аяғыңыздың саусақтарын бір-біріне айқастырыңыз. Аяқтың саусақ ұшын жоғары көтеріп, кейін төмен түсіріңіз. Кейін сол аяқ пен оң қолдың саусақтарын айқастырып, жаттығуды қайталаңыз. 10 реттен жасаңыз.
- Өзіңізді керемет әйел сезініңіз. Орамал сынды жеңіл, кішірек затты жерге қойып, оны аяқтың саусақтарымен қысып көтеріңіз.
- Өзіңізді айбынды сарбаз сезініп көріңіз. Екі аяқты да жоғары көтеріп, аяқтың ұшын өзіңізге қарата тартыңыз.Ауырсынуды сезген кезде босатыңыз.
- Жоғарыдағы жаттығуларды жасап болған соң өзіңізді мақтан етіңіз. Ол үшін оң аяғыңызбен сол аяқты сипалап өтіңіз. Кейін аяқтарды ауыстырыңыз.
Жоғарыда атап өткен орындықпен жасалатын жаттығуларды кез келген адамға жасай беруге болады. Әсіресе қант диабетіне шалдыққан егде жастағы кісілерге еш зияны жоқ.
Әрине кез келген адам үй жағдайында жаттыға алады. Дегенмен арнайы мамандардың көмегіне жүгінген де дұрыс. Мәселен, жасы ұлғайған адамдарда бұлшықеттер әлсіз болады. Сол себептен де мүмкіндік бола қалса жаттықтырушымен бірге жұмыс істеген артық етпейді. Себебі олар сізге аяқ-қолды қалай көтеру керектігін, жалпы жаттығулардың орындалу барысын нақты көрсетіп, көмек бере алады.
Физикалық жаттығулармен тұрақты түрде айналысу кез келген жаста дұрыс өмір сүру қағидасын ұстануға көмектеседі. Спортпен шұғылдану денсаулықты түзеумен бірге көңіл-күйді де көтереді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы адам баласының денсі сау болу үшін күнделікті 150 минут қозғалыста болу керектігін ескертеді. Оның ішіне жаяу жүру де кіреді. Күніне 10 000 қадам (шамамен 9 шақырым) жүрудің пайдасы өте мол.
Жинақтаған: А. М ейірханқызы,