Күнде кешке ТАБАНЫҢЫЗҒА осылай АЛҒЫС білдіріңіз

0
1 396

Табанға алғысты қалай айтуға болады?


Күнде кешке ТАБАНЫҢЫЗҒА осылай АЛҒЫС білдіріңіз

Күндіз аяғымызға көп физикалық жүктеме түсетіні анық. Тыным таппай жүрсек те, бір орында тұрсақ та, тіпті, орындықта отырудың өзі екі аяққа қандай да бір салмағын салады.

Ауыр жүктемеден кейін дұрыс тынықпаған аяқ алдағы уақыттарда өз функцияларын толық орындай алмасы белгілі. Бұл жағдайда бірте-бірте жүктеменің зардабы үстіңгі бөліктерге беріле бастайды.

Табанмен тікелей байналысты аймақтар: иық пышақтарының астындағы аймақ, төменгі арқа, мойынның артқы жағы, бастың артқы жағы және маңдай. Осы аймақтарда жағымсыз өзгерістер орын ала бастайды. Аяқ тез шаршайды, денені бүйірге бұру кезінде проблемалар пайда болады, бас қиындықпен бұрылады. Жүктеме бастың артқы жағына, одан әрі маңдайға өтеді. Маңдай бұлшықетінің ширығуы көлденең әжімдер тудырады. Бұл қас пен көздің бұлшықетіне кернеу береді де, қабақтың түсуіне, көз астының ісінуіне және көздің айналасында майда әжімдердің пайда болуына әкеледі.

Сондықтан күні бойы «көтеріп» жүрген табан бұлшықетіне кешкісін алғыс айтып қойған жөн. Ризашылық пен алғысыңызды табанды босаңсытып, тынықтыратын жаттығудың көмегімен білдіре аласыз. Сонда аяқ, бел, мойын, бет бұлшықеттерінде де бәрі жақсы болады.

• Арқаны тік ұстап еденге отырыңыз.

• Денені жаймен алға қарай еңкейтіңіз.

• Қолыңызды табанға қарай созып, башпайдан ыңғайлап ұстап алыңыз.

• Енді қолдың көмегімен табанды өзіңізге қарай тартыңыз.

• Арқа мен аяқ бұлшықеттеріндегі кернеуді сезбей қалсаңыз, тағы кішкене еңкейіңкіреп отыру керек.

• Осы қалыпта 10-12 секунд отырған соң денені бастапқы қалыпқа келтіріп, босаңсытыңыз.

• Жаттығуды кемінде 5-6 рет қайталаңыз.


Егер арқаны бүкірейтпей, тік ұстап еңкейген кезде қолыңыз табаныңызға жетпесе, жаттығудың аздап жеңілдетілген екінші нұсқасынан бастап көріңіз. Ол үшін ұзынша мата кесіндісі не сүлгі керек.

• Тура алдыңғыдағыдай еденге отырып, арқаны тік ұстаймыз.

• Мата кесіндісін (сүлгіні) екі басынан екі қолмен ұстап, табанға ілеміз.

• Матаның көмегімен табанды өзімізге қарай тартамыз.

• 10-12 секунд осы қалыпта отырғаннан кейін бастапқы қалыпқа келіп, денені босаңсытамыз.

• Тап осылай 5-6 рет қайталау қажет.

Көріп тұрғаныңыздай, жаттығу өте жеңіл жасалады. Есте сақталмайтындай ештеңесі жоқ. Еденде, орындықта, тіпті диванда фильм қарап отырып та жасауға болады. Сондықтан, міндетті түрде жасап жүріңіз.

Дайындаған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

«ӨТІРІК ДАУЫЛ» жаттығуы – жеңіл жасалғанмен, ПАЙДАСЫ орасан