Маман әр саусақты 5 минут ұстау арқылы аурудан айығуға болатынын айтады.
Қолыңызға мұқият қараңызшы. Не байқадыңыз? Саусақтағы сызықтардан басқа ештеңе көрмей тұрсыз ба? Иә, сіз бен біздің көзіміз тек саусақтағы сызықтарды ғана көреді. Ал рефлексотерапевт (ағзаны биологиялық белсенді нүктелер арқылы емдейтін маман) болса саусақтағы ағзаны емдейтін және көңіл-күйді басқаратын нүткелерді көре алады. Маман әр саусақты 5 минут ұстау арқылы денсаулықты жақсартуға, тіпті аурудан айығуға болатынын айтады.
Бас бармақ
Бас бармақ сіздің барлық шешімдеріңіздің ауыртпалығын көтереді. Ол ағзадағы мазасыздық пен бас ауруына жауап береді.
Егер сіз күйзеліске түсіп, сары уайымға салынсаңыз немесе толқып тұрсаңыз басыңыз ауыра бастайды. Сол кезде оң қолыңызбен сол қылыңыздың бас бармағыңызды аздап қысыңыз. Шамамен 5 минут ұстасаңыз жеткілікті. Рефлексологтардың айтуынша, бұл басты салқындатуға көмектеседі.
Сұқ саусақ
Сұқ саусақ бұлшықет ауырсынуын, сонымен бірге көңілсіздік, қорқыныш және ұялу сезімдерін басқарады. Миннесота университеті ғалымдарының зерттеулеріне сүйенсек, бұлшықеті және арқасы ауыратын науқастардың сұқ саусақтағы нүктелердің әсеріне жағдайлары айтарылқтай жақсарған. Алақанмен сұқ саусақты 5 минутқа қысып, әсерін сіз де байқап көріңіз.
Ортаңғы саусақ
Егер сіз өзіңізді әдеттегіден гөрі шаршаңқы сезінсеңіз, алақаныңызбен ортаңғы саусақты басыңыз. Ашулансаңыз немесе ызалансаңыз да осы тәсілді қолданыңыз. Мұндай жаттығу қан қысымын төмендетеді және денеңізді босаңсытады.
Аты жоқ саусақ
Аты жоқ саусақтың көмегімен жағымсыз эмоциялар мен қайғы-қасіретті жеңуге болады. Саусақты 5 минутқа мықтап қысыңыз. Жаттығу жасаған уақытта барынша тыныштық сақтаңыз әрі баяу тыныс алыңыз.
Шынашақ
Шынашақ өзін-өзі бағалау, күйзеліс және күйгелектікке жауап береді. Егер жан-дүниеңізге үңіліп, өз-өзіңізді түсінгіңіз келсе, шынашағыңызға 5 минуттық массаж жасаңыз. 5 минут бойы артық ойларды аулақ болыңыз. Тек жақсы нәрселер туралы ойлануға тырысыңыз.
Алақан
Екінші қолыңыздың саусақтарымен алақанның ортасын қысыңыз. Кейін алақаныңызды шеңбер бойымен уқалаңыз және 3 рет терең дем алып, дем шығарыңыз. Рефлексологтың мәліметінше, алақан - сезім мен эмоцияның орталығы. Егер күнделікті алақанды уқалап жүрсеңіз, жүрек айнуы, іштің өтуі мен қатуын емдейсіз.
Алақанды бір-біріне тигізу
Бұл қимыл медитация кезінде жиі қолданылады. Бұл ойды жинақтауға көмектеседі. Алақандарды бір-біріне тигізіп, басу арқылы қан айналымын жақсартуға болады.
Дереккөз: 100hitrostei.ru
Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,
ERNUR.KZ
Тағы да оқыңыз:
ОРАЗА ұстаған адамға ЖАТТЫҒУ жасауға бола ма?
ФИТНЕС ЗАЛҒА БАРУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ: Сүлгімен жаттығу