Фото: lifehacker.ru
Көпшілігіміз күніне кемінде бір рет болсын қолымызға сүлгі ұстаймыз. Ал сүлгі тек сүртіну үшін ғана емес, жаттығу жасап, дене сымбатыңызды әдемі қалпында сақтауға да көмектеседі. Онымен қол, иық және кеуде бұлшықеттерін созуға арналған жаттығуларды орындай аласыз.
Бүкіл денеге әсер ететін созылу жаттығуы
Алдымен екі қолыңызбен сүлгіні екі ұшынан ұстаңыз. Қолыңызды жоғары көтеріп, басыңыздан еркін асырып тастауға болатындай етіп ұстаңыз. Қолыңызды барынша бос ұстаңыз және бұрмаңыз. Олар бір-бірінен алыстай орналасуы керек. Сонда ғана сіз қолдарыңызды еркін көтеріп, арқаңыздан өткізе аласыз. Баяу дем алыңыз. Бұл - ең қарапайым созылу жаттығуы. Егер жүктемені арттырғыңыз келсе, қолдарыңыздың арасындағы қашықтықты азайтып, шынтақтарыңызда бүкпей қозғалысты қайталаңыз. Қолыңызды барынша бос ұстаңыз және бұрмаңыз.
Егер сіз жаттығуды жасай алмасаңыз, демек сіздің қолыңыз бір-біріне тым жақын орналасқан. Қолыңызбен барынша сүлгінің ұшын ұстағаныңыз жөн.
Егер жаттығуды орындау барысында кеуде бұлшықеттерінде ауырсынудың сезсеңіз, алдыңғы қимылға аздап өзгеріс енгізсеңіз болады. Мысалы, төмендегі суретте көрсетілгендей, қолдарыңыздың арқаңызға қойып, сүлгіні тік ұстаңыз, осылай 10-15 секунд тұрыңыз.
Жаттығуды орындау барысында асығыстық жасауға болмайды! Бұл жаттығуды бір қимылмен қайталап орындауға немесе жаттығумен денеңіздің белгілі бір бөлігін шынықтыруға болады.
Бұлшықеттердің икемділігі мен буындардың икемділігі жоғарылаған сайын, қолдар арасындағы қашықтықты азайтуға болады.
Аталған жаттығу қол мен иық белдеуін жақсы шынықтырып, икемділікті артырады. Кеуде аймағындағы бұлшықеттерді созу арқылы қан айналымын жақсарып жеңіл тыныс аласыз.
Егер сіздің иығыңыз жарақат болса, жаттығуды баяу орындаңыз және ауырсынуды сезінсеңіз созуды дереу тоқтатыңыз.
Дереккөз: econet.kz
Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,
Тағы да оқыңыз:
БЕЛ ауруын МЫНА жаттығу тез емдейді