Үлкен қаланың үлкен артықшылығы — демалыс күндерін қызықты өткізуге мүмкіндіктердің көп болуы.
фото: fishki.net
Жаз маусымында еңбек демалысына шығып, оны қайда әрі қалай өткізеріңізді білмей жүрсіз бе? Тіпті еңбек демалысына шықпаған болсаңыз да, жұмыс аптасы аяқталғанда демалатын орын іздеуіңіз әбден мүмкін. Қанша күн демалатыныңыз маңызды емес, маңыздысы оны пайдалы әрі көңілді өткізу. Ол үшін не істеу керек? Әрине, демалысты бүгіннен бастап жоспарлап алыңыз. ERNUR.kz Шымкент қаласындағы белсенді демалыс ұйымдастыратын орындар тізімін ұсынады.
Үлкен қаланың үлкен артықшылығы — демалыс күндерін қызықты өткізуге мүмкіндіктердің көп болуы. Шымкент қаласының табиғаты керемет, сол себепті қай жыл мезгілінде болса да демалысты табиғат аясында өткізуге болады. Сонымен, Шымкент қаласында белсенді демалыстың қандай қолжетімді түрлері бар?
Атпен серуендеу
фото: 8tau.kz
Атпен серуендеу - бос уақытын көңілді өткізгісі келетін жандарға немесе романтикалық кездесулер ұйымдастыруды көздеп жүргендерге таптырмас демалыс түрі. Ал нұсқаушы мамандар сіздің атқа мінудегі тәжірибеңізге қарай қажетті нұсқаулықтарды көрсетіп береді.
«Есігіміз әрқашан ашық, кез келген уақытта келіп, өзіңізге ұнаған атты таңдай аласыз. Тіпті бір атты кезектесіп мінуге де болады. Ересектерге де, балаларға арналған ат серуенінің де бағасы бірдей», – дейді ат клубының жетекшісі Әскербек Бердіқұлов.
Ат серуеніне байланысты сіздерге қаламыздағы екі геолокацияны ұсынамыз:
Мекенжай: Ат клубы. Орманшы 36 немесе Ысқақова 36
1 сағат атқа мінудің құны 4000-5000 теңге (үлкен ат).
Байланыс үшін +7 771 187 93 20.
Ипподромдағы ат серуені. 1 сағат атқы міну құны 4000 теңге.
Байланыс: + 7 707 628 78 40.
Пейнтбол
фото: i.ytimg.com
Сөзсіз, жүгіру және қозғалысқа толы демалыс адамға ерекше әсер қалдырады. Мұндай қозғалыс жүрегіңізді аттай тулатып, түрлі эмоцияларға толы болады. Егер демалыстан адреналин алғыңыз келсе пейнтбол клубына келіңіз. Бұл жердегі демалыстан алған әсердің көпке дейін естен кетпейтініне кепілдік береміз.
Мекенжай: Асқаров 17/1 көшесінде орналасқан «Tlppmann paintball club» клубы 12.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.
Байланыс: + 7 700 022 07 11.
Мекенжай: Қалдыаяқов 32а/1 мекенжайындағы «Каскад» пейнтбол клубы 11.00-ден 23.00-ге дейін келушілерін күтеді.
Байланыс: + 7 775 773 13 77, + 7 705 173 16 43.
Картинг
фото: autopeople.ruЕштеңемен салыстыруға келмейтін эмоциялар, асфальттың жақындығын физикалық тұрғыда сезіну, жылдамдық, бірінші болуға ұмтылу, осының бәрі картингтен табылады. Үлкендерге және кіші жастағыларға арналған кәсіби картинг «Sport Villa» спорттық-сауықтыру кешенінде және «Formula 17» картодромында бар екенін еске саламыз. Бұл - қауіпсіз әрі драйвқа толы спорт. Жасқа, жынысқа және көлік жүргізе алатынына қарамайды. Жылдамдық сағатына - 50/60 шақырым.
Sport Villa спорттық-сауықтыру кешені
5 минут айналым үшін:
балалар — 1800 теңге
ересектер — 1200 теңге
Байланыс: +7 777 111 49 20
Мекенжай: Алматы трассасы, 9/11
Formula 17 картодромы
5 минут айналым үшін:
дүйсенбі-бейсенбі — 1000 теңге
жұма-жексенбі— 1500 теңге
Байланыс: +7 778 964 64 94; +7 775 087 82 92
Мекенжай: Асар-2, 8-ші көше
Стенд ату
фото: visitalmaty.kzМұндай ойын-сауық сізді ғана емес, балаларыңызды да шын қуантады. Демалыстың бұл түрі жаңа қырыңызды дамытып қана қоймайды. Стенд ату спорты арқылы апта бойы жұмысқа арнаған энергияңыздың орнын толтырып, ерекше қуат алып қайтасыз. «Shooting Plaza Shymkent» орталығы стенд ату спортының қыр-сырын үйретеді.
Shooting Plaza Shymkent
Жұмыс уақыты: сейсенбі - жексенбі, 10:00-18:00
Прайс:
25 оқ ату - 9000 теңге
Жеке жаттығу, 50 оқ ату және жаттықтырушымен бірге - 25 000 теңге
Топ болып жаттығу (3-тен 6 адамға дейін) 25 оқ ату және жаттықтырушымен бірге - 15 000 теңге (әр адамға)
Байланыс:
WhatsApp: +7 747 542 03 02
+7 701 723 55 03
Мекенжай: Қазығұрт шағын ауданы, Қазыналы көшесі, 90/1
Парашюттан секіру
фото: fishki.netБұл - нағыз экстрим. Шымкенттегі парашют спорты федерациясы Сайрам ауданында орналасқан «Бүркіт» әскери-спорттық базасында парашютпен секіру шараларын ұйымдастырып тұрады. 4 сағаттық дайындықтан соң сіз әуеде қалықтай аласыз. Сіздің көкке көтерілген кездегі бар әсеріңіз, эмоцияңыз бейнетаспаға жазылады. Осындай ұмытылмас сәттің әсері ерекше болары анық.
«Парашюттан секіру үшін алдын ала жазылуыңыз шарт. «Бүркіт» әскери-спорттық базасы қарапайым адамдарға кіруге тиым салынады. Тек тізімде болсаңыз ғана кіре аласыз.Сонымен бірге, бір күн уақытыңызды арнайсыз. 4 сағат дайындалсаңыз да, бірден секіре алмауыңыз мүмкін. Кейде біз адамдармен бірге таңертеңнен кешке дейін жүреміз», - дейді «Бүркіт» әскери-спорттық базасының маманы Елена Павлова.
Ұшу шарты:
Жас мөлшері — 14 жастан жоғары, салмағы— 45 кг-дан жоғары.
Міндетті түрде алдын-ала жазылу шарт.
Байланыс: +7 705 259 09 16
Бағасы: 25 000 теңге
Мекенжай: «Бүркіт» әскери-спорттық базасы
Парапланмен ұшу
фото: sxodim.comПарапланмен Шымкент маңында ұша аласыз. Сіздің жаныңызда міндетті түрде тәжірибелі инструктор болады. Ол сізбен бірге ұшады. Қажетті құралдарды тағып, каска кию үшін бар-жоғы 5 минут жеткілікті.
Қалай ұшуға болады?
Салмағы 40 пен 130 кг арасындағы кез келген адам ұша алады. Ұшу уақыты - 10 минут. Құны - 25 000 теңге. Жиналатын орын: Тәуке хан көшесі, 330.
Байланыс: +7 701 034 78 77.
Әуе шарымен ұшу
фото: oteplicah.com
Жақындарыңызды таң қалдырып, ерекше сый жасағыңыз келе ме? Не болмаса өзіңізді еркелетіп көкке самғауды қалайсыз ба? Онда әуе шарымен серуенге шығыңыз. Экстримге толы әуе шарлары сіздің көңіліңізді көтеріп, ұмытылмас сәт сыйлайды.
Әуе шары (жылу аэростаты) - өте жеңіл ұшу аппараты. Ауада ұшуға арналған ең қауіпсіз құрал болып саналады.
Байланған ұшу құны ересектер үшін - 10 000 теңге, 12 жасқа дейінгі балаларға- 5000 теңге.
Еркін ұшу- экипаж 4-5 адамнан құралса немесе жеке түрде 180 000 теңге. Жұмыс уақыты көктем, жаз, күз секілді жылы мезгілдерінде.
Байланыс: +7 777 513 47 17. Ұшу мерзімі алдын-ала тіркелу арқылы ауа-райына байланысты жазылады.