Алматыда екі бала бір самокатқа мініп, арбадағы сәбиді қағып кеткен

0
149

Прокаттық самокаттар адамдарға, ең алдымен жаяу жүргіншілерге үлкен қауіп төндіреді.


Алматыда екі бала бір самокатқа мініп, арбадағы сәбиді қағып кеткен

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Алматыда екі жасөспірім самокатпен келе жатыр, арбадағы сәбиді қағып кеткен, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы журналист Михаиль Козачков жазды. Оның айтуынша, прокаттық самокаттар адамдарға, ең алдымен жаяу жүргіншілерге үлкен қауіп төндіреді.

АЛМАТЫДАҒЫ ОҚИҒА

31 тамызда Алматының «Орбита» шағын ауданында кәмелетке толмаған екі жасөспірім Jet самокатымен асқан жылдамдықпен келе жатып, жаңа туған сәби жатқан арбаға соқтығысқан.

Абырой болғанда, баланың жағдайы жақсы. Дәрігерлер нәрестені тексеріп, денсаулығына ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Баланың әкесінің айтуынша, екі жігіт оқиға орнынан қашып кетпек болған, бірақ оларға бейжай қарамаған тұрғындар көмектесіп, ұстап берген. Ақыры бұзақылар полицейлерге тапсырылды. Алайда тәртіп сақшылары олармен тек профилактикалық әңгіме жүргізе алатынын айтқан.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ

Сенат депутаты Марат Қожаев самокаттарға қатысты мәселеде баланс табу керек дейді.

- Самокатқа түбегейлі тыйым сала алмаймыз. Мен тұратын тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ол жерде велосипеттедтер мен самокаттарға арналған арнайы жолақ бар. Самокаттар өз-өзінен біреуге кедергі жасап жатқан жоқ. Проблема біздің “басымызда”. Адамдардың өзі самокатта кез келген жерде тастап кетеді, қалай болса солай жүреді. Сондықтан өзіміз ең алдымен самокатты мәдениетті түрде, ешкімге кедергі жасамай қолдануды, арнайы жерде тұраққа қоюды үйренуіміз керек, – дейді депутат кулуарда.