Бүгінгі таңда кез келген адамның қолында кем дегенде бір телефоны бар. Сондай-ақ, телефонмен «шарлайтын» әлеуметтік желілері мен жеке парақшалары да жетерлік. Сол әлеуметтік желілердің ішіндегі зор танымалдылыққа ие – Instagrаm желісі. Жас пен кәрі, спорт және өнер жұлдыздары, атақ іздеген жасампаздар – бәрі осы желіде. Сонымен қатар, басылған «лайк», жазылған пікір санын айтып жарысып жүрген біреу. Ал сіз, бүгін Instagram 8 жасқа толып отырғаны жайлы, қызықты деректері туралы білесіз бе?
Бүгін Instagram-ның туған күні
Instagram әлеуметтік желісін дайындауды Майк Кригер мен Кевин Систром Сан-Францискода бастаған екен. Ал желінің «программасы» Apple компаниясының App Store қосымшалар дүкенінде 2010 жылдың 6 қазанында жарық көрген. Программа жарыққа шығып, біршама уақыт өткеннен кейін топқа Джош Ридель қосылады. Содан кейін, инженер Шейн Суини, IТ евангелист Джессика Золлман қосылған.
• 2011 жылдың қаңтарында қосымшада суреттерді және қолданушыларды іздеуді жеңілдету үшін хештег қосылады.
• 2011 жылдың cәуір айында қосымшаның 2.0 нұсқасы, 2012 жылдың сәуірінде қосымшаның Android платформасына арналған нұсқасы шығады және ол нұсқа бір тәуліктің ішінде миллионнан астам тұтынушыға таралған.
• 2012 жылдың 9 сәуірінде Facebook Instagram-ды 1 миллиард АҚШ долларына сатып алғанын жариялап, 25 маусымда қосымша 2.5.0 нұсқасында жаңартылады.
• 2012 жылдың тамыз айында Instagramда бір секундта 575 like басылып, 81 комментарий жазылған. Сонымен қатар, Instagram қолданушылары айына орта есеппен 257 минут отырған екен.
• 2013 жылдың сәуір айында Instagram тұтынушыларға суретте өздерін, достарын белгілеуге, сурет түсірілген мекенжайды белгілеуге мүмкіндік беретін «қабілет» қосқандығын жариялады.
• 2013 жылдың маусымында желіде 15 секундтық бейнеклип қою мүмкіндігі шықты.
• 2013 жылдың 21 қарашадасында желінің Windows Phone 8-ге арналған (компьютерлік) нұсқасы пайда болған.
• 2015 жылдың наурызында брендтер өздерінің фотогалереясын ашуға мүмкіндік алды.
• 2015 жылдың шілде айында Instagram 1080x1080 пиксельдік фотосуреттер қоюға мүмкіндік берді.
• 2015 жылдың 30 қыркүйегінде Instagram-да 30 секундтық жарнамалық видеолар пайда болды.
• 2016 жылы қызықты сәттерді, естеліктерді, жарнамаларды уақытша салатын «Сториз Инстаграм» пайда болды.
• 2017 жылы «Тікелей эфир» пайда болды.
• 2018 жылы ұзақтығы 1 сағатқа дейін тігінен түсірілген видеоларды көруге, жариялауға мүмкіндік берген IGTV қосымшасы қолданысқа ұсынылғаннан кейін, желіні қолданушылар саны 1 миллиардқа жетті.
• Желі арқылы өз маркетингіне жарнама жасауға мүмкіндік беретін қосымшалар пайда болды.
• Көп жазылушылар мен like-тар жинайтын қосымша бағдарламалар құрастырылды және т.б.
Міне, әзірге тарих осындай. Бірақ, Instagram бұнымен тоқтамақ емес. Қазіргі таңда бұл желі жаңалықтарымен жиі бөлісіп жатады. Апта сайын жаңа нұсқасы, жаңа мүмкіндіктермен пайда болуда.
Пайдалы кеңестер:
• Әдемі және қызықты суреттерді жүктеңіз (жазылушы жинауға жақсы әсер етеді)
• Сурет өңдеу қосымшасын шамадан тыс қолданбау (достарыңызға теріс ой салады)
• Хэштегті дұрыс қолдану (жазбаның танымалдылығы үшін)
• Танымал суреттер мен видеоларды «іздеу» тетігінен таба аласыз (сіз үшін қызықты болады)
• Суреттерді көбірек жүктеңіз (жақсы сурет салған сайын дос, лүпіл, пікір көбейе береді)
• Instagram Direct-ті қолдана біліңіз (сөйлесуге, ақпарат алмасуға тиімді)
• Жазылушылармен жақсы қарым-қатынаста болыңыз (олар сіздің достарыңыз болып есептеледі)
• Жазылушыларды сатып алмаңыз (белгілі бір уақыттан кейін сізді тастап кетеді)
• Достарды жазбаларға белгілеңіз (қарым-қатынасты жақсартады)
• Жарнама жасауды үйреніңіз (маркетингіңізге өте пайдалы)
Дайындаған: Б.Ерман,