Қандай құлаққап сатып алған дұрыс?

0
6 252

Бүгінгі мақалада тұтынушылардың оң бағасына ие болған ең жақсы құлаққаптар туралы ақпарат ұсынамыз.


Қандай құлаққап сатып алған дұрыс?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Музыка бірнеше ғасырдан бері адамдардың ажырамас серігі болып келеді. Тіпті, қазір кейбір адамдардың музыкасыз өмір сүре алмайтындай жағдайға жеткенін байқаймыз. Сол себепті, ғалымдар кез-келген жерде, кез-келген уақытта сүйікті әуендерді тыңдау мүмкіндігін сыйлау үшін құлаққап ойлап тапқан. Ал, бүгінгі гаджет нарығында олардың мыңдаған үлгісі бар. Бүгін біз Сіздерге сол құлаққаптардың ең үздіктерін бірнеше топқа бөліп ұсынамыз.


Телефонға арналған құлаққаптар

Қазір телефонға арналған құлаққаптар үлкен сұранысқа ие және түрі өте көп. Сондықтан, мұндай құлаққаптарды алар кезде жеке сипаттамаларына мән беріп, өз талғамыңызға сүйенуге тура келеді.


1. Campfire Audio Andromeda

Бұл сымсыз құлаққаптың бағасы қымбаттау, дегенмен құнына сай қызмет етеді.

Оның басты ерекшеліктері – дыбыс сапасы және алюминийден жасалған мықты корпусы.


2. RHA MA650 Wireless

Құлаққаптың бұл үлгісі ылғалға төзімді, түрлі талғамға сай жиынтығы бар және өте тамаша материалдан жасалған.


3. Bose QuietControl 30

Құрылғыда айналадағы өзге дыбыс пен шуды естіртпеу қасиеті бар және 10 сағатқа дейін автономды, яғни өз қуатымен жұмыс істей алады.


Жүгіруге ыңғайлы құлаққаптар

Жүгіруге арналған құлаққаптар ыңғайлылығы және ұзақ шыдамдылығымен ерекшеленеді.


1. Beats powerbeats 3 wireless

Бұл сымсыз құлаққап ылғал өткізбейді және 6 сағат автономды режимде жұмыс істей алады. Ал, сымсыз әрекет ету радиусы 10 метрге жуық.


2. AKG N30

Сапалы құрылысы, жеңіл салмағы және қыметімен ерекшеленетін гаджет құлаққа бекітіледі.


3. Sony WI-1000X

Ал, мына құрылғының сыммен және сымсыз қосылу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, ыңғайлы құлаққап 13 сағатқа дейін өз күшімен жұмыс істей алады.


Ойынға арналған құлаққаптар

Компьютерлік ойындарды жақсы көретін адамдар графиканың әдемілігіне ғана емес, сапалы музыкалық сүйемелдеуге де мән береді. Шын мәнінде ойынға арналған құлаққаптар сапалы болуы керек, сондықтан олардың бағасы да жоғары болады.


1. SteelSeries Siberia 840

Құлаққа жайлы жастықшалары бар құлаққаптың жылжымалы микрофоны бар және оларды ұзақ уақыт тағып отыра беруге болады.


2. Razer Kraken USB

Ойын дыбысына арналған бұл гаджет қарсылас немесе жақтас ойыншылардың барлық қозғалыстарын анық естуге мүмкіндік береді.


3. Razer ManOWar

Сымсыз жұмыс істейтін ойын құрылғысы дыбыс көзінен 12 метр қашықтықта жұмыс істей алады. Бірақ, салмағы өзгелерден ауырлау және құны жоғары болады.


Компьютерге арналған құлаққаптар

Компьютерге арналған құлаққаптар барлық жағынан ыңғайлы болғаны дұрыс. Дегенмен, оларды таңдау өте қиын.


1. Creative Sound Blaster EVO ZxR

Өте сәнді әрі заманауи құлаққап дыбыс сүзгісі бар микрофоны және кіріктірілген дыбыс процессорымен ерекшеленеді. Ал, бір кемшілігі – алмалы-салмалы батареяның жоқтығы.


2. Sony MDR-RF865RK

Бұл құлаққап сымсыз байланыс жасай отырып, жеке деректерді қабылдай алады және салмағы жеңіл. Бірақ, құрылғы базамен жабдықталғандықтан, кез келген жерде пайдалана алмайсыз.


3. Shure SE846-CL

Элиталық класқа жататын бұл құлаққап шу оқшаулағышымен және таза дыбыстауымен ерекшеленеді.


Әуен тыңдауға арналған құлаққаптар


1. B & W C5 Series 2

Өте сапалы дыбыспен ерекшеленетін құлаққаптың бағасы да қолжетімді.


2. Philips Fidelio F1

Бұл гаджет телефондағы және компьютердегі музыканы тыңдау үшін өте қолайлы.


3. Beyerdynamic Xelento

Ал, мына құлаққап алмалы-салмалы микрофонымен танымал.


Микрофонды құлаққаптар

Микрофонмен жабдықталған құлаққаптар әсіресе қыс мезгілінде немесе көлік жүргізіп отырған кезде тиімді.


1. Philips Fidelio S2

Жағымды дыбыспен, жалпақ пішінді кабельмен ерекшеленетін бұл құрылғы микрофон және әуенді басқаратын түймелермен жабдықталған.


2. Meze 12 Classics

Тамаша ағаш корпусымен жабдықталған, сапалы микрофонмен және басқа да басқару тетіктерімен ерекшеленетін құлаққаптың тұтынушылары өте көп.


3. Xiaomi Piston Youth

Бұл құлаққаптың бағасы арзан болса да, қызметі өте сапалы және жастар арасында танымал.


Ең үздік құлаққаптар


1. Apple EarPods

Сәнді, заманауи, дыбыс сапасы тамаша, ең танымал әмбебап құлаққапты смартфоннан бөлек сатып алуға болады.


2. Xiaomi 1 More

Құрылғы сапалы дыбыспен, ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Бірақ, кез келген телефонмен үйлесе бермейді.


3. Sony STH-30

Бұл гаджет арзан болғанымен, ылғалдан қорғалған, дыбыс жақсы естіледі және сапалы микрофоны бар.

Әр бөлімдегі үздік құлаққаптар тізімі тұтынушылардың пікірі бойынша жасалған!

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Телефонмен сөйлескенде ҚАНДАЙ тәртіпті БҰЗЫП жүргеніңізді білесіз бе?


Адамдар үйді телефонмен ҚҰЛЫПТАП, жарық шашатын ҚОЛҒАП киеді