Су бөгетіне бөлінген қаражат жымқырылды: "Қазсушардың" бес қызметкері қамауға алынды

0
159

"Қазсушар" РМК облыстық филиалын тексеру барысында 13 мың тонна қиыршық тас жеткізілмегені белгілі болды.


Су бөгетіне бөлінген қаражат жымқырылды:

фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Қызылорда облысындағы "Қазсушар" мекемесінде қаражат жымқырылды, деп жазады sputnik.kz.
"Қазсушар" РМК облыстық филиалын тексеру барысында 13 мың тонна қиыршық тас жеткізілмегені белгілі болды. Алайда қаражат 60 мың тонна қиыршық тас үшін толық аударылған.
"Табиғи материал Көкарал бөгетінің стратегиялық нысанын нығайту үшін өте қажет болған. Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 188 млн теңгеден астам шығын келген", - дейді ведомстводағылар.
Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Соттың санкциясымен "Қазсушар" РМК филиалының бес лауазымды тұлғасы мен бас мердігер қамауға алынды.