Компьютердің зияны тимес үшін мына ЕРЕЖЕЛЕРДІ сақтау керек

0
9 594

Күнімізді өзіне қаратқан құрылғының зардабынан қалай сақтануға болатынын білесіз бе?


Компьютердің зияны тимес үшін мына ЕРЕЖЕЛЕРДІ сақтау керек

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазір өмірді компьютерсіз елестету қиын. Бұл құрылғылар адам өміріне еніп, қызметтің барлық салаларынан орын алып, таптырмайтын көмекшіге айналғалы қашан. Кеңселерде де, үйде де компьютерлер бар. Тіпті, бесіктен белі енді шыққан балалардың да осы құрылғыны шебер пайдаланатынын көріп таңғаласыз. Шынында компьютер көптеген технологиялық процестерді жеделдетіп, сонымен қатар адамдар арасындағы әлеуметтік байланысты жеңілдетті. Бірақ, компьютер қаншалықты жақсы көмекші болса да, ол адам денсаулығына түзетілмейтін зиян келтіруі мүмкін екенін ұмытпаңыз! Өйткені, компьютердің алдында ұзақ әрі бұрыс отыру бұлшықет, буын, ішкі мүшелер мен дене жүйелерінің әртүрлі ауруларының даму процесін арттыруы мүмкін. Сонымен, компьютердің адамға тигізетін зиянды тұстарына тоқталайық.


Көру қабілеті

Біріншіден, компьютерден адамның көру қабілеті зардап шегеді. Әсіресе, компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істеген кезде көз бұлшықеттеріне шамадан тыс күш түседі. Көз әлдеқайда аз жыпылықтайтын болады да, көз қабығы дұрыс ылғалданбайды. Көздерде ауырсыну пайда болып, көру айқындылығы нашарлай береді. Әрине, мұндай зардапты күн сайын компьтердің алдында сағаттап үзіліссіз отыратындар шегеді.

Ал, ол проблеманың алдын алу үшін монитор көзден 45 сантиметр қашықтықта тұруы керек, ал монитордың жоғарғы нүктесі көз деңгейінен төмен болмауы керек. Экраны терезеге қарап, көзге жарық шағылысып тұрмауы керек. Жанарыңызды жағымсыз сезімнен арылту үшін әр жарты сағат сайын монитордан алыстап, көзге жаттығу жасаңыз. Ең оңайы – көзді ашып-жұму жаттығуы.


Дұрыс отырмағанның әсері

Компьютермен жұмыс істеген кезде денені дұрыс ұстап, арасында српіліп тұрған маңызды. Өйткені, ұзақ уақыт бойы компьютерге белгіленген қашықтықтан қарап, денені тік ұстап отырмаған адам омыртқа, мойын бұлшық еттері, бас, қол және иық, буын ауруларына ұшырайды. Әсіресе, компьтерге үңіліп отыратын редакторлар, машинистер, операторлар осы ауруларға жиі тап болады екен. Сонымен қатар, отырықшы өмір салты көбінесе семіздікке әкеледі.

Денсаулыққа байланысты мұндай проблемалар туындамас үшін, компьютерде дұрыс отыру керек, омыртқаға көп күш түсірмеу керек, әр сағат сайын үзіліс жасап, үзіліс барысында қозғалып, серуендеп, баспалдақпен көтеріліп-түсіп, бірнеше қарапайым жаттығулар жасаңыз. Сосын компьютер тұратын және сіз отыратын жиһаз дұрыс таңдалуы керек. Витаминдер мен микроэлементтерге бай тамақ жеп отыру да артық болмайды.


Психика

Сондай-ақ, компьютермен жұмыс істеу психикалық жүктеме. Өйткені, ол көлік жүргізгендегімен бірдей назар аударуды қажет етеді. Ал, құмарына кіріп кететін ойындар балалар үшін өте қауіпті. Денсаулығына ғана емес, жүйке жүейсіне де зардабын тигізбей қоймайды.

Сондықтан жасөспірімдердің компьютерді қолдануын күніне 15-30 минутқа дейін шектеген дұрыс.


Электромагниттік сәуле

Электр энергиясын тұтынатын немесе өндіретін әрбір құрылғы электромагниттік сәуле шығарады. Бұл сәуле құрылғының айналасында электромагниттік өріс түрінде шоғырланған. Оны көру, есту, иісін сезу немесе жанасу мүмкін емес, бірақ ол барлық жерде бар. Сондай-ақ, ол адам денсаулығына бірден болмаса да, біртіндеп әсер етеді. Ал, өз денсаулығыңызға зиян тигізетін ықтимал қауіптен қалай қорғануға болады? Ол үшін сіз:


  • Сұйық кристалды монитормен жабдықталған компьютерді сатып алыңыз. Өйткені оның сәулеленуі электр сәулелік түтігі бар мониторларға қарағанда әлдеқайда төмен;
  • Жүйелік блок пен монитор сізден мүмкіндігінше алыс болуы керек. Кеңселердегі мониторларды орналастыруға да ерекше назар аудару керек;
  • Егер сіз компьютерді жиі қолданбасаңыз, белгілі бір жерге орнатып қоюдың крегі жоқ. Ол денсаулыққа зиян әрі компьютердің тозуын да тездетеді;
  • Мүмкіндігінше компьютермен жұмыс істеу уақытын қысқартыңыз және әр сағат сайын 5-10 минуттық үзіліс жасаңыз.


Тыныс алу жолдарының аурулары

Компьютермен ұзақ уақыт жұмыс істеуге байланысты пайда болатын тыныс алу жолдарының аурулары аллергиялық сипатқа ие. Бұл компьютер жұмыс істеп тұрған кезде жүйелік блоктағы монитор мен тақтаның корпусы қызып, ауаға шығатын зиянды заттардың әсерінен туындайды. Сонымен қатар, компьютердің электростатикалық өрісі өкпеде орналасқан шаңды тартады, және жұмыс істеп тұрған компьютер қоршаған ортаны иондап, ауаның ылғалдылығын төмендетеді. Осы факторлардың әрқайсысы өкпеге де, бүкіл денеге де теріс әсер етеді.

Оның кері әсерін азайту үшін бөлмені мүмкіндігінше жиі дымқылдандырып, желдетіңіз.


Міне, рахатымызға пайдаланып жүрген компьютердің осындай теріс тұстары бар. Олардан сақтану үшін құрылғыны дұрыс пайдалану керек, бірнеше сағат бойы мониторға қарап отырмай, үзіліс жасаңыз. Сонымен қатар, ашық дереккөздерде жарық көретін кеңестерді оқып жүрген абзыл. Сонда ғана бүкіл әлем қолданатын компьютердің зиянын азайта аласыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Батареясы «ӨЛМЕЙТІН» телефон іздеп жүрсіз бе?


Жиналмалы смартфон, қос экранды ноутбук және т.б. – 2021 жылы ерекше гаджеттер жарыққа шығады