1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады

0
693

Қаңтар айынан бастап қазақстандық мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін "цифрлық сауаттылық" пәні енгізілген болатын.


1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 1-қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болатынын жеткізді, деп жазады tengrinews.kz.

Вице-премьер жас ұрпақты еңбекке баулудың маңызын атап өтті.

"Жаңа оқу жылында бірінші сыныптан бастап "еңбекке баулу" пәні енгізіледі. Жоба мектептер жанынан жылыжайлар ашуды көздейді. Қазірдің өзінде мектептердің 7 пайызға жуығы бұл тәжірибеден өтті. Сонымен қатар, биылдан бастап мектептерде педагог-кәсіптік бағдар беруші болады, ол оқушының болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі", - деді ол.

Бұған дейін қаңтар айынан бастап қазақстандық мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін "цифрлық сауаттылық" пәні енгізілгені жарияланған.