1 шілдеден бастап "Семей орманы" қызметкерлерінің жалақысы өседі

0
684

Экология министрлігінің басшысы төрт жыл ішінде арнайы техника паркі жаңартылып, өртті ерте анықтау жүйелері орнатылатынын атап өтті.


1 шілдеден бастап

ERNUR.KZ. Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова келесі айдан бастап "Семей орманы" резерваты орманшыларының жалақысы өседі деп уәде берді, деп жазады sputnik.kz.

Министрдің айтуынша, ведомствоның жоспарында жалпы орман шаруашылығы саласын қаржыландыруды біртіндеп ұлғайту көзделген. Экология министрлігінің басшысы төрт жыл ішінде арнайы техника паркі жаңартылып, өртті ерте анықтау жүйелері орнатылатынын атап өтті.
"Үкімет орман шаруашылығын материалдық қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Біз орманшылардың барлық қажеттіліктері бойынша жағдайды талдап, қосымша қаржы сұрайтын боламыз", - деді Зульфия Сүлейменова.