фото: видеодан скрин
Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің бірі Астанаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
28 қазанда ТЖМ "Қазавиақұтқару" ұшағы Ақтөбе-Астана бағыты бойынша санитарлық рейс жасаған. Самара-Шымкент тасжолында болған жол апатында жарақат алған 50 жастағы ер адам елордаға жеткізілген.
"Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, оны шұғыл түрде Астанаға тасымалдау қажет болды. Ұшақ медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, бортта дәрігерлер үздіксіз бақылау жүргізді. Ер адам елордада емін жалғастырады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 23 қазанда Самара-Шымкент тасжолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен ГАЗель соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Оқиға салдарынан 12 адам қаза тапты.


