13 мыңнан астам медицина қызметкері вакцина салдырды

0
2 443

​Оларға «Спутник V» препараты егілді.


13 мыңнан астам медицина қызметкері вакцина салдырды

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

«10 ақпандағы жағдай бойынша 13 301 медицина қызметкері екпе алды. Вакцинация барлық өңірде жүруде, 778 егу пункті ашылды, олардың 166-сы жуырда іске қосылды, барлығы тоңазытқышпен қамтамасыз етілген. 9 мыңнан астам медицина қызметкері арнайы даярлықтан өтті», – деген министр вакциянацияның маңыздылығы туралы сөз қозғады.

«Вакцинация 400 жылдан астам уақыт бойы адамзаттарды шешек, оба сияқты қауіпті, өлімге әкелетін аурулардан қорғап келеді. Соңғы 30 жылда эпидемиялық паротитпен сырқаттанушылықтың 870 еседен артық төмендегені, халық арасында «В» вирустық гепатитімен сырқаттанудың 150 есеге, көкжөтелмен сырқаттанудың 7,3 есеге төмендегені байқалды», – деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол еліміздің үш өңірі «қызыл» аймаққа енгенін атап өтті. Олар Ақмола, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы. «Ал «сары» аймақта тағы үш өңір бар.

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары. Өзге 11 аймақ «жасыл» аймақта», – деген ведомство басшысы.