"15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіледі". Желідегі ақпаратқа ДСМ түсініктеме берді

0
326

15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіліп, бетперде тағу режимі барлығына міндеттелетіндігі туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпедемиологиялық бақылау комитетінің Телеграм-арнасында айтылады.

"ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі. Ал коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді", делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетсек, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев 2024 жылы 16 тамызда Қазақстанның бетперде тағу режиміне қайта оралу туралы бас санитарлық дәрігердің қаулысына қатысты түсініктеме берген еді.