17 тамыздан бастап Қарағанды облысында балабақшалар жұмыс істей бастайды

0
714

Кезекші топтарға балалар ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады.


17 тамыздан бастап Қарағанды облысында балабақшалар жұмыс істей бастайды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Saryarqa балабақшалардың қашан ашылатынын және колледждер жұмысы форматындағы өзгерістер туралы айтты, деп жазады zakon.kz.


- Мектепке дейінгі мекемелердің жұмысы туралы сұрақтар көп түседі. Олар карантин аяқталғаннан кейін ашылады, бұл болжаммен 17 тамызда болады. Кезекші топтарға балалар ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады, - деді өңір басшысы.

Сонымен бірге, ол колледждер жұмысы форматындағы өзгерістер туралы да айтып өтті.
Сегіз ауыл колледждері (1 324 студент) жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастауы тиіс. Бұл ретте техникалық мамандықтарды меңгеріп жатқандар зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды оқу орны қабырғасында - 15 адамнан аспайтын топта тапсырады. Гуманитарлық сала студенттері тәжірибеден онлайн режим арқылы өтеді.