​17 жыл бұрын әскерден қашқан сарбаз ұсталды

0
2 046

Сот оны үш жылға бас бостандығынан айырып, айыппұл төлеуге үкім шығарды.


​17 жыл бұрын әскерден қашқан сарбаз ұсталды

ERNUR.KZ. Ресейдің Новосібір облысындағы ФСБ шекара қызметкерлері 17 жыл бұрын әскерден қашқан сарбазды тұтқындады, деп жазады zakon.kz.

Ұзақ уақыттан бері Қазақстан аймағында өмір сүрген азаматқа ұсталғаннан кейін заң бойынша айып тағылды.

2001 жылы әскери бөлімнен қашқан Олег Ермолаев ұзақ жылдар бойы Қазақстан аймағын мекендеген. Қарағанды және Павлодар облыстарында фермерлік шаруашылық жұмыстарында жүрген сарбаз биыл еліне оралуға бел буған.

Осылайша, 36 жастағы азамат Ресей шекарасын заңсыз жолмен кесіп өтпек болған уақытта ұсталды.

Новосібір әскери соты оны үш жылға бас бостандығынан айырып, 50 мың рубль көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарды. Бүгінде соттың шығарған шешімі толықтай заңды күшіне енген.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Владислав Челах өзінің 15 әріптесін өлтіріп, тау арасына бірнеше күн жасырынған болатын.

Алайда, құрықталғаннан кейін өзімді қорғау үшін осындай әрекетке бардым деп ақталған еді.

Жыл сайын түрлі амалдар тауып әскерден қашатын сарбаздар біздің елде де жеткілікті. Кейбір сарапшылар әлімжеттік пен зорлық-зомбылыққа шыдай алмағандар осындай қадамға көптеп баратынын мәлімдеп отыр.

Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғандар опасыздықтың кесірінен не қашып немесе өз-өзіне қол жұмсап, мерзімін аяқтамай әскерді тастауға бел буып жатады.