18 қазаннан Павлодар облысында карантин күшейтіледі

0
507

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, және басқа да іс-шараларға тыйым салынады.


18 қазаннан Павлодар облысында карантин күшейтіледі

ERNUR.KZ. Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Батырбек Әлиев коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында өңірде карантин шараларын одан әрі күшейту туралы қаулы қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталған қаулыға сәйкес, күшейтілген шаралар 18 қазан күні сағат 00.00-де күшіне енеді.

Құжатта ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану орындарына (ашық ауада қызмет көрсетуді қоспағанда) сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілетіндігі көрсетілген. Бұл ретте, нысанның толымдылығы 30 орыннан аспауы, әлеуметтік ара қашықтық және үстелдер арасындағы 2 метр қашықтық, бір үстел басына 4-6 адамнан отырғызу талаптары сақталуы тиіс.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, және басқа да іс-шараларға тыйым салынады.

Азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін ғана рұқсат беріледі.

Фитнес-орталықтардың, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметтері 30 пайыздық толымдылықпен сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.

Сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жұмыс уақыты сағат 18.00-ге дейін ғана болады.