Қытайда грантпен оқығысы келетін қазақстандықтарға жаңа талап қойылды

0
92

Емтихан 2026 жылғы 19–20 желтоқсанда өтеді.


Қытайда грантпен оқығысы келетін қазақстандықтарға жаңа талап қойылды

Фото: «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ERNUR.KZ. Қытайдың жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламалары бойынша үкіметаралық грантпен түсуге ниетті шетелдік талапкерлер CSCA академиялық тестін тапсыруы тиіс, деп жазады inform.kz.

— Қытай университеттерінің бакалавриат бағдарламаларына түсуге ниетті барлық шетелдік үміткерлер CSCA емтиханын (академиялық дайындық тесті) тапсыруға міндетті. Өтінім беру кезінде үміткерлер 2026 жылғы қараша немесе желтоқсан айында тапсырған емтихан нәтижелерін растайтын жарамды сертификат ұсынуы тиіс, — делінген хабарламада.

Емтихан 2026 жылғы 19–20 желтоқсанда өтеді. Оған тіркелу 25 қарашада басталып, 2 желтоқсанда аяқталады.

Емтихан тапсыратын пәндерді талапкерлер өздері таңдаған университеттен нақтылауы керек. Сондықтан емтихан күнін алдын ала таңдап, тіркелу мерзімін өткізіп алмау маңызды.