Қазіргі таңда күдікті тұтқындалды.
ERNUR.KZ. Қостанайда 18 жастағы Дарья Махартованың өліміне күдікті 26 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында Қостанай облыстық ІІД қызметкерлері 18 жастағы Зотобол кентінің тұрғыны Дарья Махартованы өлтірді деген күдікпен 26 жастағы жігіт ұсталды. Оның кінәсі қылмыстық іс бойынша алынған дәйектермен, соның ішінде тағайындалған сараптама жиынтығымен дәлелденіп отыр», - деп хабарлады ІІД-де.
Қазіргі таңда күдікті тұтқындалды. Қосымша ақпарат жария етілген жоқ.
Еске салайық, 18 жастағы Дарья Махартова 20 шілде күні сағат 22.00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған. Із-түзсіз жоғалып кеткен Затобол ауылы тұрғынының денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылды. ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Кейінірек полицейлер күдіктінің фотороботын жасап шығарды. Сондай-ақ, бойжеткен қаза тапқан күні полицияға қоңырау шалып, шақырту кезінде дұрыс жауап қатпаған Қостанайдың екі полицейі тұтқынға алынды.