2 млн теңге пара алған тергеушілердің видеосы жарияланды (видео)

0
1 422

Кез келген адам сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424 - Call орталығына хабар бере алады


2 млн теңге пара алған тергеушілердің видеосы жарияланды (видео)

ERNUR.KZ. Алматы қаласының Алатау аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімі бастығының орынбасары пара алғаны үшін күдікке ілінді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ресми мәліметке сәйкес, 21 қарашада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424-байланыс орталығына Алатау аудандық полициясы басқармасының тергеу бөлімі бастығы орынбасары және осы басқарма тергеушісінің заңсыз әрекеттері туралы шағым түсті.

«Олар бір күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданбағаны үшін оның жұбайынан 2 млн теңге сомасындағы пара алды деп күдіктелуде. Кінәсін толық мойындауына байланысты оларға қатысты процестік ұстау шарасы қолданылған жоқ», - деді агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, кез келген адам сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424 - Call орталығына хабар бере алады. Барлық шағымдар бойынша жедел әрекет ету шаралары қабылданатын болады.

«Азаматтар сондай-ақ, біздің Агенттікке ресми хатпен немесе Ұлттық бюроның кезекші бөлімшесіне, Агенттік Төрағасының ресми блогына немесе оның жеке электрондық поштасына шағым жолдай алады», - деп атап көрсетті Ж.Бастарова.