20 мыңға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды

0
2 349

Олардың ішінде вирус жұқтырғандар әзірге тіркелмеген.


20 мыңға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды

ERNUR.KZ. 20 мыңға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазіргі күні ҚР-ның 20 мыңға жуық азаматы COVID-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын қабылдады. Олардың ішінде вирус жұқтырғандар әзірге тіркелмеді», - деді Ерлан Қиясов Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада.

Еске сала кетсек, Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 1 ақпанда салдырған болатын. Вице-министрлерге ресейлік «Sputnik V» вакцинасы егілді. Егуден бұрын олар тексеруден өтіп, вакцина салдыруға қарсы көрсетілімі жоқ екені анықталған. Бұл жолы да препаратты алдымен Ерлан Қиясов, одан кейін Ажар Ғиният алды.